Жамбыл жаңалықтар

№58 мекемеде «Дабыл» белгісі бойынша жоспарлы оқу-жаттығу өтті

Мұндай оқу-жаттығулар Қылмыстық-атқару жүйесі саласында қызметтік тәртіпті нығайтуға, жеке құрамның кәсіби деңгейін арттыруға және төтенше жағдайларға дайындықты қамтамасыз етуге бағытталған.

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №58 мекемеде «Дабыл» белгісі бойынша жоспарлы оқу-жаттығу өткізілді. Іс-шара әділет подполковнигі, мекеме бастығы Руслан Жапаровтың бұйрығына сәйкес ұйымдастырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Аталған оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – жеке құрамның кәсіби шеберлігін арттыру, әскери және қызметтік дайындық деңгейін жетілдіру, сондай-ақ дабыл сөмкелерінің толық әрі талапқа сай жабдықталуын тексеру болды.

Жаттығу барысында қызметкерлердің жинақылығы, шұғыл әрі үйлесімді әрекет етуі, белгіленген нормативтерді сақтау деңгейі жан-жақты бақылауға алынды. Жеке құрамның «Дабыл» белгісі кезінде әрекет ету алгоритмдерін меңгеру деңгейіне ерекше назар аударылды.

Оқу-жаттығу нәтижесінде бірқатар қызметкерлер тарапынан кеткен кемшіліктер анықталды. Осыған байланысты әділет подполковнигі, мекеме бастығының орынбасары Е.Е. Төребеков бөлім басшыларына нақты тапсырмалар беріп, анықталған олқылықтарды жою және қызметтік дайындықты одан әрі күшейту жөнінде тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.

Жаттығу қорытындысы бойынша мекеме бастығына есеп беріліп, жеке құрамның «Дабыл» белгісі бойынша әрекет етуге толық дайын екені баяндалды.
 Алдағы уақытта да осы бағыттағы іс-шаралар жүйелі түрде жалғасын табады.