жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:40

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

742 млрд теңгелік жоба: Жамбылда ірі жел электр станциясы бой көтермек

742 млрд теңгелік жоба: Жамбылда ірі жел электр станциясы бой көтермек
Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Астана қаласына жұмыс сапары аясында Masdar (БАӘ) компаниясының бас атқарушы директоры Мұхаммед Әл-Рамахимен кездесті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Басқосуға өңірлік басқармалардың басшылары, аталған компанияның өкілдері, БАӘ Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі және «Самұрық-Энерго» АҚ-ның жетекшілері қатысты. 

Жиында қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясы жобасының жүзеге асырылу барысы жан-жақты талқыланды. 

Облыс әкімі өз сөзінде бұл ауқымды жобаның тек өңір үшін ғана емес, тұтас ел үшін стратегиялық маңызы барын атап өтті.

 – Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында біз бұл жобаны сәтті жүзеге асырып қана қоймай, болашақта жаңа бастамалардың берік іргетасын қалайтынымызға сенімдімін, – деді аймақ басшы.

Masdar – әлемдік деңгейде жаңартылатын энергетика саласында жетекші орын алатын компаниялардың бірі. Осы алпауыт компанияның қатысуымен Сарысу және Талас аудандарында салынатын ЖЭС-қа 742 млрд теңге көлемінде қаржы құйылмақ.

ЖЭС құрылысы 2026 жылы басталып, 2029 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Ал алғашқы дайындық жұмыстары биылғы жылдың соңына дейін қолға алынбақ.

Ербол Қарашөкеев жергілікті билік заңнама талаптарына сай жан-жақты қолдау көрсетіп, барлық мәселені жедел шешуге толық әзір екенін жеткізді. Сонымен бірге Мұхаммед Әл-Рамахиді өңірдің инвестициялық және табиғи мүмкіндіктерімен тереңірек танысуға шақырды. 

Өз кезегінде Мұхаммед Әл-Рамахи Қазақстанның, соның ішінде Жамбыл облысының жасыл энергетика саласындағы әлеуетін жоғары бағалады.

Кездесу қорытындысы бойынша қос тарап Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы ынтымақтастық аясында жобаны бірлесіп іске асыруға уағдаласты. 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар