сәрсенбі, 2 қазан, 2024 9:37

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

750-ден астам полиция қызметкері Жамбыл облысының тас жолдарында күндіз-түні кезекшілік етуде

750-ден астам полиция қызметкері Жамбыл облысының тас жолдарында күндіз-түні кезекшілік етуде
ашық дереккөзі
750-ден астам полиция қызметкері Жамбыл облысының тас жолдарында күндіз-түні кезекшілік етуде
Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Арманбек Баймурзин жолдардағы күрделі жағдайға байланысты жүргізушілерге тағы да ескерту жасады деп хабарлайды Jambylinfo.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қарлы боран, көктайғақ, көріну мүмкіндігі шектеулі. Салдарынан «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тас жолының 163-тен 230-шақырымына дейінгі учаскесі (жаңа Қордай асуы), «Меркі-Шу-Бурылбайтал» автожолының Астана қаласы бағытындағы 125-шақырымы, Түркістан облысымен шекарада Шақпақ ауылы маңындағы Күйік асуы жабылды. - Ауа-райы жақсарғанға дейін аталған аумақтар сіздердің қауіпсіздіктеріңіз үшін жабылады. Шектеу шараларына түсіністікпен қарауды сұраймын. Сағат сайын бізге бұзылып қалған машиналар туралы хабарламалар түсуде. Тас жолдарда 1000-нан астам автокөлік кептеліп тұр. Полицияның 750-ден астам қызметкері оларға көмектесіп, тәулік бойы кезекшілік етуде. Біз қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасында жұмыс жасаудамыз, - деп атап өтті департамент бастығы. Оның сөзінше, кейбір жүргізушілер шектеулерді елемеуге тырысып, өздерінің ғана емес, жолаушылардың да өміріне қауіп төндіруде. ПД бастығы барлығын ауа-райының жақсаруын күтуге және алыс сапарларды бірнеше күн кейінге қалдыруға шақырды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар