жексенбі, 6 қазан, 2024 3:41

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

79,2 тонна ауыл шаруашылығы тауары сатылды

79,2 тонна ауыл шаруашылығы тауары сатылды
ашық дереккөзі
79,2 тонна ауыл шаруашылығы тауары сатылды
Бүгін Тараз қаласындағы «Grand Passage» сауда кешенінің алаңында және коммуналдық базарда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп, онда Жамбыл, Жуалы, Байзақ, Т.Рысқұлов аудандары мен Тараз қаласы тауар өндірушілерінің және тұрақтандыру қорының тауарлары қолжетімді бағада ұсынылды. Сондай-ақ, агроқұрылым өкілдерінен бөлек «Алқаптан сөреге дейін» жобасына қатысушы жеке кәсіпкерлер де өз өнімдерін тұтынушыларға делдалсыз саудалады. Тараз қаласының екі нүктесінде өткізілген жәрмеңкеге арнайы келген облыс әкімінің орынбасары Берік Нығмашев сөрелерді аралап көріп, шаруалармен тілдесті және тауарлардың сапасы мен қойылған бағалардың тұрақтылығын бақылады. Жалпы жәрмеңкеде құны 103,7 млн. теңгені құрайтын 79,2 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары өткерілді. Оның ішінде 7,2 тонна ет, 1,5 тонна шұжық өнімдері, 1,5 тонна сүт өнімдері, 3 мың дана жұмыртқа, 0,2 тонна кондитерлік өнімдер мен 2,0 тонна макарон өнімдері, 0,3 тонна балық, 2 тонна ұн, 0,8 тонна бал және 60,7 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері бар.   Тұңғыш Жанұзақов, облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз хатшысы
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар