8 экологиялық қылмыс тіркелді
8 экологиялық қылмыс тіркелді
«Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде өңір полицейлері 8 экологиялық қылмысты тіркеді. 20 қазаннан бастап облыс аумағында табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтарды және биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға және жолын кесуге, сондай-ақ экологиялық қылмыстарды ашуға бағытталған "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілген. Жедел алдын алу іс-шарасы кезеңінде облыста 8 қылмыстық іс тіркелсе, тіркелмеген 21 бірлік атыс қаруы тәркіленген. Бұдан бөлек, 293 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып отыр. Ал Қордай ауданының табиғатты қорғау полициясының инспекторлары орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің қызметкерлерімен бірлесіп, Қордай-Жайсан ауданына қарасты Аухатин ауылдық округінің Майбұлақ таулы аймағында рейдтік іс-шаралар өткізу кезінде күзетілетін қорық аймағында жануарды аулады деген күдікпен екі ер адамды ұстады. Тексеру барысында ұсталғандардан еліктің ұшасы (тушасы), 3 аңшылық тегіс ұңғылы қару мен патрондар табылып, тәркіленген. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 337-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Сондай-ақ полицейлер жедел-профилактикалық іс-шараларды жүргізу барысында ағаштар мен бұталарды заңсыз кесудің 26 фактісін анықтаған. Сарысу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Қызыл кітапқа енген сексеуілді заңсыз кесіп жатқан 35 жастағы ер адамды ұстады. Күдіктінің қасынан кесуге тыйым салынған 4 қап ағаш табылды. Бұл бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 339-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары бастау алып, сот-биологиялық сараптамасы тағайындалған. Оңай олжаға кенелгісі келген күдікті құрықталды Тараздық полицейлер жеңіл көліктен ақша ұрлап, оңай олжаға кенелгісі келген күдіктіні қолға түсірді. Қалалық полициясы басқармасына облыс орталығында тұратын 42 жастағы әйел адам хабарласып, базардың автотұрағына қойып кеткен көлігінен ақша салынған әмиянды ұрлағаны жөнінде шағымданған. Ол өз сөзінде көліктің артқы орындығында 8 жастағы қызы отырғандықтан, есігін құлыптамағанын жеткізген. Ал әмиянда 200 АҚШ доллары және 10 мың сом қаражат болған. 8 жасар бүлдіршіннің айтуынша, көзілдірік пен медициналық бетперде киген адамның есікті ашып, көліктің алдыңғы орындығында жатқан әмиянды ұрлап әкеткен. Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктіні анықтап, құрықтады. Ол осыдан бір ай бұрын бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған 41 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Қазіргі таңда күдікті өз кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 191-бабының 3-бөлігімен (тонау) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Көлік құралын басқару құқығы жоқ мас жүргізуші ұсталды Жамбылдық полицейлер жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша профилактикалық іс-шараларды өткізу кезінде полиция қызметкерлері автокөлікті мас күйінде басқару дерегін анықтады. Облыс орталығында "ВАЗ-21099"маркалы жеңіл автокөлікті тізгіндеген 46 жастағы ер азамат шағын аудандағы тұрғын үйлердің біріне тоқтап, көліктен шығып, қашып кетпек болды. Кейін белгілі болғандай, жүргізушінің 2017 жылы сот шешімімен 5 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Сонымен қатар, медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, ер адам рульде орташа дәрежелі мас күйінде болған. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 346-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Автокөлік айып тұрағына қойылды. «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде өңір полицейлері 8 экологиялық қылмысты тіркеді. 20 қазаннан бастап облыс аумағында табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтарды және биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға және жолын кесуге, сондай-ақ экологиялық қылмыстарды ашуға бағытталған "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілген. Жедел алдын алу іс-шарасы кезеңінде облыста 8 қылмыстық іс тіркелсе, тіркелмеген 21 бірлік атыс қаруы тәркіленген. Бұдан бөлек, 293 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып отыр. Ал Қордай ауданының табиғатты қорғау полициясының инспекторлары орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің қызметкерлерімен бірлесіп, Қордай-Жайсан ауданына қарасты Аухатин ауылдық округінің Майбұлақ таулы аймағында рейдтік іс-шаралар өткізу кезінде күзетілетін қорық аймағында жануарды аулады деген күдікпен екі ер адамды ұстады. Тексеру барысында ұсталғандардан еліктің ұшасы (тушасы), 3 аңшылық тегіс ұңғылы қару мен патрондар табылып, тәркіленген. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 337-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Сондай-ақ полицейлер жедел-профилактикалық іс-шараларды жүргізу барысында ағаштар мен бұталарды заңсыз кесудің 26 фактісін анықтаған. Сарысу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Қызыл кітапқа енген сексеуілді заңсыз кесіп жатқан 35 жастағы ер адамды ұстады. Күдіктінің қасынан кесуге тыйым салынған 4 қап ағаш табылды. Бұл бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 339-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары бастау алып, сот-биологиялық сараптамасы тағайындалған. Тараздық полицейлер жеңіл көліктен ақша ұрлап, оңай олжаға кенелгісі келген күдіктіні қолға түсірді. Қалалық полициясы басқармасына облыс орталығында тұратын 42 жастағы әйел адам хабарласып, базардың автотұрағына қойып кеткен көлігінен ақша салынған әмиянды ұрлағаны жөнінде шағымданған. Ол өз сөзінде көліктің артқы орындығында 8 жастағы қызы отырғандықтан, есігін құлыптамағанын жеткізген. Ал әмиянда 200 АҚШ доллары және 10 мың сом қаражат болған. 8 жасар бүлдіршіннің айтуынша, көзілдірік пен медициналық бетперде киген адамның есікті ашып, көліктің алдыңғы орындығында жатқан әмиянды ұрлап әкеткен. Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктіні анықтап, құрықтады. Ол осыдан бір ай бұрын бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған 41 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Қазіргі таңда күдікті өз кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 191-бабының 3-бөлігімен (тонау) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жамбылдық полицейлер жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша профилактикалық іс-шараларды өткізу кезінде полиция қызметкерлері автокөлікті мас күйінде басқару дерегін анықтады. Облыс орталығында "ВАЗ-21099"маркалы жеңіл автокөлікті тізгіндеген 46 жастағы ер азамат шағын аудандағы тұрғын үйлердің біріне тоқтап, көліктен шығып, қашып кетпек болды. Кейін белгілі болғандай, жүргізушінің 2017 жылы сот шешімімен 5 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Сонымен қатар, медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, ер адам рульде орташа дәрежелі мас күйінде болған. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 346-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Автокөлік айып тұрағына қойылды.