жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 20:40

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

83 жастағы жамбылдық әже коронавирусты жеңіп шықты

83 жастағы жамбылдық әже коронавирусты жеңіп шықты
ашық дереккөзі
83 жастағы жамбылдық әже коронавирусты жеңіп шықты

83 жастағы қария әже Жуалы ауданының тұрғыны Даулетбай Нұрипа жүрек ишемиялық ауруы және артериалды гипертензиямен зардап шегетін.  Үйінен артық қадам аттап шықпайтын әже алғашында ауырғанына мән бермей, үй жағдайында ем алып, дертін асқындырып жіберген. Құрғақ жөтел мен жалпы әлсіздік, ентікпе, ауа жетпеу белгілері мазалап, жедел жәрдеммен Жуалы ауданының жергілікті ауруханасына жеткізіледі. Кеуде қуысына жасалған рентген қорытындысынан соң, пневмония ауруы анықталып, Тараз қаласындағы инфекциялық бөлімшесіне тасымалданады. ПТР талдау-сараптау нәтижесі оң көрсетіп, «Covid-19, вирусты пневмония – 60%» қорытындысы қойылады. Алғашқы кезде науқас әже аурухана ішіндегі жағдайды көріп, аң-таң болып, мазасыздық пен үрейге бой алдырады. Бірақ, дәрігерлер емдеу үшін жасалатын барлық іс-шараны, аурудың асқынуын болдырмас үшін ем түрлерін түсіндіріп, толық айығып кетуіне сендіргеннен кейін,  науқас бірден дәрігерлерге көмектесіп, өзінің жазылып кетуіне сенім артты. Оның бойында үлкен күш бар екені және жасына карамай, қайратты екені білінді. Әже дәрігерлердің тағайындамасын бұлжытпай орындап, өзінің сауығып кетуіне күмәнсіз сенді. Емдеу барысында көптеген кикілжіңдер туындады, себебі коронавирус ауруы барлық мүшелерді зақымдайды, созылмалы ауруларды қоздырады, адамның жүйке жүйесіне де әсер етеді. Науқаста осы аталған белгілердің бәрі: қан қысымы жиі көтерілді, ұйқысы бұзылды, бүйректің зақымдануы пайда болды. Бірақ дұрыс жасалынған ем-домның және науқастың қайраттылығының арқасында, науқас әже аяғына тұрып, сауығып кетті. 16 күн ауруханада ем алып, өз үйіне оралды. Қайтар кезінде әже батасын беріп, басқаларды дүрліге бермей, тек жақсылыққа жорамалауға, күресуден  шаршамауға, ауырғаннан–ауырмаудың алдын-алуға  шақырды.

[video width="352" height="640" mp4="https://jambylinfo.kz/wp-content/uploads/2020/08/vid-2Ң2ҢҢ827-waҢҢҢ1.mp4"][/video]
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар