«Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасының аясында шығарып салу шарасы өтті
«Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасының аясында шығарып салу шарасы өтті
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №58 мекемесінен М.Р. жаза мерзімінің аяқталуына байланысты «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасының аясында шығарып салу шарасы өтті. Бас бостандығынан айру орындарынан босатуға дайындық кезеңінде бағдарламаға сәйкес психологиялық, медициналық, әлеуметтік-құқықтық көмек, еңбекке және тұрмыстық орналастыру, отбасымен оң байланыстарды нығайту мәселелерінде тәрбиелік іс-шаралар жүргізілді. Сотталғанмен босатылатын күні де қолдау және консультациялық көмек көрсету шеңберінде, оны одан әрі әлеуметтік бейімдеу бағытын әзірлей отырып, мекемеге Тараз қалалық №3 пробация қызметінен, Жамбыл облысы бойынша Тараз қаласы Әкімдігінің халықты жұмыспен қамтыу орталығынан, Жамбыл облыстық полиция департаментінен қызметкерлер шақыртылды. «Қақпа алдында кездесу» іс-шарасы кезінде: оңалтуға жәрдем көрсететін мемлекеттік мекемелердің байланыс деректерін, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша тіркелу, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау орындарында есепке қоя және т.б. тәртібін қамтитын жадынама табыс етілді. Бостандыққа шыққан сотталғанды қақпа алдында ұзақ уақыт бойы бостандықта сағына күтіп жүрген жұбайы асыға күтіп қарсы алды.