Жамбыл жаңалықтар

Қаңтар оқиғасы: Таразда баласымен бірге тұтанғыш қоспалар таратқан күдікті ұсталды

Қаңтар оқиғасы: Таразда баласымен бірге тұтанғыш қоспалар таратқан күдікті ұсталды

Қаңтар айының 5-інен 6-сына қараған түні сағат 20:00 шамасында Тараз қаласының Қазыбек би көшесінде сұр түсті Mitsubishi Diamante автокөлігі тоқтайды. «Автокөлікте келе жатқан адамдар одан мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін алып, жүксалғышқа салады. Бұл көліктің жүргізушісі бес литрлік тұтанғыш қоспаны алып, ұлымен бірге оны шыны бөтелкелерге құйып, шеруге қатысушыларға таратқан. Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 255-бабы 4-бөлігі (Терроризм актісі) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - делінген полиция департаментінің хабарламасында. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері Алматы облысының 44 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды, тергеу амалдары жүргізілуде.