Жамбыл жаңалықтар
Қаңтар оқиғасына байланысты экс-министр Ерлан Тұрғымбаев ұсталды - БАҚ
- авторjambylinfo.kz
- 29 сәуір, 2024
- 2.1k
Бұл туралы бірнеше БАҚ жазды
Бірқатар отандық БАҚ жазғандай, 2022 жылғы Қаңтар оқиғасына байланысты бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
NEGE сайтының жазуынша, оны ұстау туралы шешімді арнайы прокурорлар берген.
"Біздің дереккөздерге сүйенсек, бүгін бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталды. Арнайы прокурорлар Тұрғымбаевты 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде лауазымын асыра пайдаланды деген қылмыстық іс аясында қолға түсірген",-деп жазады дереккөз.
Айта кетейік, Қаңтар оқиғасынан кейін Тұрғымбаев ішкі істер министрі лауазымын босатып, президенттің кеңесшісі болды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз