Ақылжан Мамыт – ақпарат саласының үздігі
Ақылжан Мамыт – ақпарат саласының үздігі
Қалам қайратты, сөз саптасы жұртшылық тарапынан өзінің лайықты бағасын алған журналистің бірі – Ақылжан Мамыт. Ақылжан Қорғанбайұлы журналист ретінде қолға қалам алғаннан бергі кезеңде талай толғақты тақырыпты тамырынан тарта қозғай білді. Шалымдылығы, жазу мәнері, журналистік шеберлігі, тақырыпты да ойната, қызықтыра, мазмұнына еліктіре жазудағы қабілетін өзінен кейінгі жастар үлгі тұтады.
Жуырда мінезі – сырбаз, болмысы – қарапайым, қай кезде де ізін басып келе жатқан жастардан жанашырлығын аямайтын журналисттің саладағы ұзақ жылдық табанды еңбегі еленіп, ҚР Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің шешімімен «Ақпарат саласының үздігі» атанды. Нұр-Сұлтаннан жеткен төсбелгіні «AULIEATA-MEDIA» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Бас директоры Нұрбек Бекен кеудесіне тағып, құрмет көрсетті. Бас директор өз сөзінде баспасөз майталманының ерен еңбегін атап өтіп, алдағы уақытта жұмысына шығармашылық табыс тіледі.