Ақын Шырын Мамасерікованың «Елге деген махаббат» туындысының Брайль қарпіндегі тұсаукесер рәсімі өтті
Іс-шараға зиялы қауым мен өнер иесінің жақындары қатысты
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы рухани құндылықтар тамырын жас жеткіншек санасына жеткізуде, ұлтымыздың руханият дарабоздарының төл туындыларын насихаттау, олардың ішкі кемел ойларын бүгінгі заманмен байланыстыра ұқтыру мақсатында «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Шырын Мамасерікованың мерейтойына орай, «Елге деген махаббат» туындысының аудио үнтаспасы мен қатар нүктелі – бедерлі Брайль қарпіндегі тұсаукесер рәсімін өткізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
«Өлеңімнің әр жолы - өмірбаян» деп аталатын әдеби кеште ақынның балалық шағынан үздік сыр шертетін сахналық қойылыммен басталып, Белгілі ақын Ғайни Әлімбекқызы, айтыскер, Мәдениет саласының үздігі Ербол Қамбатыров, «Анаға тағзым» орталығының директоры, коғам белсендісі Эльмира Мырза-Ғали кештің қадірлі конақтарының қатарынан табылып, Шырын шығармашылығының шырыны жайында ой өрбітті. Сонымен бірге, ақын Арайлы Жақсылық, бастаған «Інжу-маржан» қаламгер қыздар кенесінің мүшелігіндегі ақын қыздар Шырын Мамасерікованы 80 жас мерейтойымен құттыктап, ізгі тілектерін білдірді.
Әдеби шара барысында зиялы қоғам өкілдері, жергілікті қаламгерлер, әріптестері мен оқырмандар «Ақынға - 100 сұрақ» форматымен түрлі көкейкесті сауалдарын қою арқылы қаламгерімізді жан – жақты қырынан тануға мүмкіндік алды. Ұлттық ұстаным, өлең құдыреті жайлы айтылған рухани кездесу еркін форматта өткізілді.