Жамбыл жаңалықтар

Адам құқықтары күні: Түзеу мекемесінде бірқатар психологиялық және тәрбиелік іс-шаралар өткізілді

10 желтоқсан – адам құқықтарын қорғауға және құрметтеуге арналған халықаралық күн. Бұл атаулы күн 1948 жылы 10 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдаған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының құрметіне белгіленген. Ал 1950 жылдан бастап БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен 10 желтоқсан ресми түрде Адам құқықтары күні болып жарияланды.

Адам құқықтары күні – әрбір адамның құқықтары мен бостандықтарын сақтауға үндеу жасап, құқық бұзушылықтарға қоғам назарын аудару мақсатында атап өтіледі. Жыл сайын Біріккен Ұлттар Ұйымы осы күнге арналған арнайы тақырып бекітеді.

2025 жылдың тақырыбы: «Адам құқықтары – біздің күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігі».

Осы тақырып аясында Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар арасында зорлық-зомбылықсыз қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, жанжалдарды бейбіт жолмен шешу және әлеуметтік жауапкершілікті арттыру мақсатында бірқатар психологиялық және тәрбиелік іс-шаралар өткізілді. Іс-шара барысында адам құқықтары, заң талаптарын сақтау, өзара сыйластық пен жауапкершілік туралы кеңінен түсіндірілді.