«АЭС салынса, елде электр энергиясы бұрынғыдан да қолжетімді болады» – Роза Қағазбаева
- авторjambylinfo.kz
- 19 қыркүйек, 2024
- 434
Қордай аудандық аналар кеңесінің төрайымы Роза Қағазбаева АЭС салу бастамасы ел үшін оң өзгерістер әкелетінін, электр энергиясы бұрынғыдан да қолжетімді бола түсетінін алға тартты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оның сөзінше, елде атом электр энергиясын салу арқылы 100 мыңға дейін жұмыс орнын құруға болады.
- АЭС туралы сөз болғанда мынадай жағдайларға, мысалдарға тоқтамай кетпесе болмас. Мәселен, Францияда да жақын арада алты реактор салынбақ. Бұл елде атом энергетикасын дамыту 100 мыңға дейін жұмыс орнын құруға жол ашады. Ядролық энергия өндіруден көшбасшы саналатын Францияда қазір 50-ден аса реактор жұмыс істеп тұр. Жақын жылдары тағы алтауының құрылысы басталады дедік қой, соған 100 мыңға жуық адам жұмылдырылмақ. Жалпы алғанда, атом электр стансасын салу және пайдалану мынадай игіліктерді туындатады екен. Тікелей және аралас салаларда бірнеше мың жұмыс орны ашылады, ауаға таралатын зиянды зат мөлшері азаяды, электр энергиясы бұрынғыдан да қолжетімді бола түседі, әлеуметтік лифт күшейеді, реактор маңайындағы елді мекендердің инфрақұрылымы жақсара түседі. Сала сарапшыларының сөзінен ұққанымыз, ядролық реактор көмегімен аз отын шығындай отырып көп энергия алуға, тұтынуға болады. Бұл – тиімді әрі экономикалық тұрғыдан пайдалы. Егер жеткілікті қуатты¬лық¬пен АЭС тұрғызар болсақ өз қажеттілігімізді жауып, тіпті АЭС-і жоқ көрші елдерге экспорттай да аламыз. Қуаттылық бойынша да, электр энергиясының бағасы бойынша да тұрақты бола түсеміз,- деді аудандық аналар кеңесінің төрайымы.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
«Ауыл аманаты»жобасы аясында 4 мыңнан астам жоба қаржыландырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024