АЭС-ті қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелері Жамбыл облысына келді
- авторjambylinfo.kz
- 14 қыркүйек, 2024
- 458
Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов бастаған АЭС-ті қолдау жөніндегі Халықтық штаб киелі Әулиеата өңірінде болып, бірқатар кездесу өткізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Штаб өкілдері облыстың ұстаздарымен, темір жол саласының жұмысшыларымен және партияның «Қарызсыз қоғам», «Ауыл аманаты» жобаларының қатысушыларымен сұхбаттасты. Келелі кездесулер барысында өңір тұрғындары елімізде атом электр станциясын салу идеясына зор үмітпен қарайтындықтарын білдірді.
Республикалық Халықтық штабтың өкілдері Тараз қаласындағы «Бақытты болашақ» оқушылар сарайында өңір ұстаздарымен, Қазақстан темір жолы» АҚ жұмысшыларымен кездесті. Сондай-ақ, Меркі ауданына арнайы барып, партияның «Қарызсыз қоғам», «Ауыл аманаты» жобаларының қатысушыларымен де жүздесті. Жиындарда АЭС-ті қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелері облыс тұрғындарының атом электр станцияларының құрылысына қатысты барлық сұрақтарына барынша тұшымды жауаптар берді. Бастысы, еліміздің дамуы үшін атом электр станцияларының маңыздылығын түсініп, алдағы референдумда ел болашағы үшін дұрыс таңдау жасайтындықтарын жеткізді.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз