Жамбыл жаңалықтар

Ахуалдық орталық іске қосылды

Ахуалдық орталық іске қосылды

Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспанованың бастамасымен алғаш рет аймақ халқы денсаулығына байланысты мәліметтер базасын біріктіретін ахуалдық орталық ашылды. Аталған орталықтың көмегімен денсаулық сақтау басқармасы облыстағы барлық емдеу орындарындағы бос төсек орындарын, дәрігердің қабылдауын, кезекте тұрғандар тізімін, есепке алынған немесе алынбаған жүкті әйелдер, онкологиялық және туберкулез ауруымен тіркелгендер санын, дәрігерді үйге шақырту бойынша мәліметтер есебін, активтердің орындалуын, пациенттер мен емхана арасындағы кері байланысты, белгіленген көрсеткіш индикаторларының орындалу деңгейін, тіпті еңбекке жарамсыздық парағының электрондық нұсқасының берілуін де бақылай алатын болады.