Жамбыл жаңалықтар

Алдағы күндері Жамбыл облысында ауа райы қандай болады

Бұл туралы Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

13–15 наурыз аралығында Жамбыл облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман түсуі мүмкін, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Синоптиктердің болжамынша, бұл күндері облыс аумағында солтүстік-шығыстан жел соғады. Кей жерлерде, әсіресе облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аймақтарында желдің жылдамдығы секундына 15–20 метрге дейін жетуі ықтимал.

Ал Тараз қаласында 13–15 наурыз күндері кей уақыттарда тұман күтіледі.

Осыған байланысты мамандар Жамбыл облысының тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.