«Қалдықтардың онлайн-картасын»: Жамбылдықтар заңсыз қоқыс алаңдары туралы QR-код арқылы хабарлай алады
Бұл туралы облыстың прокуратурасы хабарлады
Жамбыл облысының мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы цифрлық процестерді қолға алып жатыр. Дәлірек айтсақ, прокуратура Жамбыл облысы әкімдігімен бірлесіп «Қалдықтардың Онлайн-картасын» таныстырды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Енді аймақ тұрғындары арнайы «телеграм-бот» пен «e-jambyl.kz» өңірлік геоақпараттық жүйені пайдалана отырып, аймақтағы стихиялық полигондар туралы тиісті органдарға хабарлай алады.
Тұрғындар хабарламаны телеграм мессенджеріндегі «taraz_tbobot» немесе адамдар көп жиналатын жерлерде хабарландыруларда орналастырылған QR-код арқылы жолдай алады.