жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 18:17

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алматы метросында пранк жасаған үш жігіт жауапқа тартылды

Алматы метросында пранк жасаған үш жігіт жауапқа тартылды
ашық дереккөзі
Алматы метросында пранк жасаған үш жігіт жауапқа тартылды
Метрополитендегі полиция басқармасының мәліметінше, үш жас жігіт Алматы метросының жолаушыларына пранк жасаған. Олар музыка колонкасының көмегімен әуенді қатты қойып, азаматтардың наразылығын тудырған. Кейбір жолаушылар әуеннің кенет қатты ойнайтынын күтпегендіктен, қорыққан. Олардың бірі «Жібек жолы» бекетінде қызмет ететін полиция қызметкерлерінен көмек сұрады. «Қоғамдық тәртіпті бұзғандар инспектордың заңды талаптарына қарсылық танытты. 19 және 22 жастағы А, К. және А.есімді азаматтардың әрекеттері ҚР ӘҚбК-нің 434-бабы бойынша ұсақ бұзақылыққа жатқызылды. Әкімшілік істің материалдары жинақталып, шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді», - деді метрополитендегі ПБ бастығының орынбасары Қайрат Жұрынов.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар