Жамбыл жаңалықтар

Алтын өндірушілер демеушілік жасады

Алтын өндірушілер демеушілік жасады

Т. Рысқұлов ауданы аумағында алтын өндірумен айналысатын «Golden Compass Jambyl» ЖШС-гі соңғы жылдары көптеген қайы­рымдылық істерді іске асырып, халық­тың алғысына бөленуде. Коронавирус пан­демиясы кезінде Т.Рысқұлов және Меркі аудандарының орталық ауру­ха­наларына құны 24 миллион теңге тұратын жасанды демалу аппаратын (ИВЛ) алып беріп, үлкен сауапты іс жа­саған болатын. Қайырымдылық істерін жал­ғас­тырған Құрбан Закиржанұлы Изалов басқаратын серіктестік Абай ауылында соғылып жатқан әлеуметтік, халал асхананың шатырына құны 1 миллион теңге тұратын сапалы темір жабдықтарды жеткізіп беріп, ауыл халқының алғы­сына бөленді. Аталған серіктестік ауыл маңындағы тау жолын жөндеуге, ауыл­дағы спорт алаңдарын дамытуға өз үлестерін қосумен қатар, көпбалалы, жалғызілікті ауыл тұрғынына үй алып беруге де ниет білдіріп отыр.

М.Арыстанбеков, Абай ауылдық округі әкімі.