Жамбыл жаңалықтар

«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды

«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында «AMANAT» партиясы журналистер арасындағы «AMANAT» – 2022 Медиа сыйлығы» республикалық байқауының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz. Салтанатты рәсім барысында партияның Атқарушы хатшысы Асхат Оралов бұл медиа сыйлықтың 10 жылдан астам тарихы бар екенін атап өтті. Биыл жаңа форматта ұйымдастырылған байқау жанрлық сипаттан тақырыптық бағытқа ауысып, қосымша Ахмет Байтұрсынов атындағы «Сөз зергері» және Шерхан Мұртаза мен Камал Смаилов атындағы «Телевизия үздігі» арнайы сыйлықтары  енгізілді. «АMANAT» медиа сыйлығы –  халықтың үздік журналистерге білдірген алғысы. Себебі журналист – халық үнін жеткізетін, мемлекет мүддесі үшін күресетін тұлға. Осы салтанатты кешке үздіктердің үздігін анықтау үшін жиналып отырмыз. Менің ойымша, журналист деген мамандықты таңдаудың өзі үздік болу. Елімізде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен өте үлкен, тарихи өзгерістер жүріп жатыр. Оның мән-мазмұнын халыққа жеткізу ісі үлкен жауапкершілікті, аса зор шеберлік пен кәсібилікті талап етеді. Бұл міндетті сіздер өте жоғары деңгейде атқарып келесіздер. Байқау Жаңа Қазақстанды құру ісінде еліміздің ақпараттық кеңістігін күшейтуге ықпал етері сөзсіз», деді Асхат Оралов