жұма, 5 желтоқсан, 2025 16:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«AMANAT» партиясы әйел мәртебесін арттыруға бағытталған шара өткізді

«AMANAT» партиясы әйел мәртебесін арттыруға бағытталған шара өткізді
Ашық дереккөз
Шарада қоғамдағы әйелдің орны, қазіргі қазақ әйелінің бейнесі, оның отбасы, саясат және әлеуметтік саладағы рөлі талқыланды.

Бүгін облыстық кітапханада «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының қолдауымен «Әйел бейнесі — қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның мақсаты – қоғамдағы әйелдің алатын орнын айқындап, қазіргі қазақ әйелінің бейнесін түрлі қырынан таныту, отбасы мен әлеуметтік өмірдегі, саясат пен бизнестегі рөлін кеңінен талқылау болды.

Дөңгелек үстелге қоғамның түрлі салаларында еңбек етіп жүрген танымал әйелдер қатысты. Олардың қатарында №4 арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығының директоры Бибазарова Қарлығаш Жалғасқызы, Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты, “Шебер шаңырақ” мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрайымы, “Әдемі қыз жасау” тігін цехының қалаушысы Бексұлтанова Анар Сағынтайқызы, «AMANAT» партиясы облыстық филиалы төрағасының кеңесшісі Тұрмаханбетова Рахия Сейітбекқызы, сондай-ақ кітапхана ардагері Ералиева Шайзада бар.

Қонақтар жастармен еркін әңгіме өрбітіп, әйелдің қоғамдағы беделі мен отбасыдағы орны туралы өз ойларын ортаға салды. Сондай-ақ қазақ әйелінің мейірімі мен парасаты, сұлулығы мен тәрбиедегі рөлі жөнінде тағылымды пікірлер айтылды.

Шара барысында қатысушылар әйелдердің қоғамдағы белсенділігін арттыру, ана мен баланы қорғау, отбасының рөлін күшейту, жастарды ізгілік пен сыйластыққа баулу сияқты маңызды мәселелерге тоқталды.

Бөлісу:
Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар