жексенбі, 6 сәуір, 2025 3:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Ана - ұлттың айнасы» атты облыстық аналар форумы өтті

«Ана - ұлттың айнасы» атты облыстық аналар форумы өтті
Jambylinfo.kz
Іс-шарада жиын қатысушылары Үндеу қабылдады

Бүгін Т. Рысқұлов ауданында «Ана - ұлттың айнасы» атты облыстық аналар форумы өтті,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Шараға облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, Шерхан Мұртаза атындағы  «Руханият және тарихтану”орталығының директоры Жасұлан Әбдіхалық, сондай-ақ барлық ауданның ардагерлер кеңесінің төрағалары, аналар кеңесінің  төрайымдары, әкелер кеңесінің төрағалары қатысты. 

Жиында құттықтау сөз сөйлеген Серік Сәлемов аталған форумның ұлт болашағы үшін маңызы зор екенін атап өтті. 


- Қазақ “ата ұлды, ана ұлтты тәрбиелейді” дейді. Яғни, ұлт болашағы, ұрпақ тәрбиесі ана махаббатының жемісі. Киелі Әулиеата жері ардақты апалар мен асыл аналардың, атақты еңбек майталманы атанған әйелдер мен арулардың мекені. Қазір еліміз дамудың маңызды кезеңіне қадам басты. Әділетті Қазақстанды құру үшін ауқымды реформалар қолға алынды. Осы орайда отбасы институтын, көпбалалы аналарды, кәсіпкер әйелдерді қолдау және гендерлік теңдікті қамтамасыз ету мемлекеттік саясаттың аса маңызды бағыты,- деді Серік Сәлемов. 


Бұдан кейін облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев қоғамдағы ақ жаулықты аналардың алатын рөлі жөнінде сөз қозғады. 
Сонымен қатар Т. Рысқұлов аудандық аналар кеңесінің төрайымы Түзел Алагөзова баяндама жасап, аудандағы аналардың ұлттық тәрбие бағытында атқарып жатқан жұмысын атап өтті. 

- Біз әрқашан аналарымыздың еңбегін бағалап, олардың қоғамдағы рөлін нығайтуға бағытталған жұмыстарды жалғастырып келеміз. Т. Рысқұлов аудандық аналар кеңесі өз жұмысында әрқашан аналардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге, олардың әлеуметтік жағдайларын жақсартуға, құндылықтарды сақтауға, сондай-ақ, жастарға үлгі болатын іс-шараларды ұйымдастыруға көңіл бөліп келеді. Аналар кеңесі жаңадан 2022 жылы құрылып, құрамында 15 мүшесі белгіленіп, ауданның 15 ауылдық округіне кураторлар бекітілген. Бұл форум тәжірбие алмасумен қатар, біздерге әжелердің «Даналық мектебін» әрі қарай жалғастырып ұлт тәрбиесінің діңгегін жоғары ұстап жұмыс жасауымызға құлшыныс береді,- деді Түзел Алагөзова. 


Форумның пікір алаңында өскелең ұрпақты тәрбиелеу, отбасы мәртебесін көтеру, адамгершілік-отбасылық құндылықтарды қалыптастыру, ұлттық салт-дәстүрлерді болашақ ұрпаққа жеткізу, той мәдениетін қалыптастыру жөнінде өзекті мәселелер талқыланды.
Сондай- ақ аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов жиын қатысушыларына форум тақырыбы бойынша Үндеуді таныстырды. 
Мұнан соң аудан әкімі іс-шарада белсенділік танытқан бірқатар әйелді марапаттады. 
Жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар