дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 13:38

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Антикор»: Биыл Жамбылда мемлекеттік бюджетке 147,1 млн теңге өндірілген

«Антикор»: Биыл Жамбылда мемлекеттік бюджетке 147,1 млн теңге өндірілген
фото - ашық дереккөзден
Мұндай көрсеткішке талдау және мониторинг нәтижесінде қол жеткізіліп отыр

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Дәурен Омаров биыл Жамбылда мемлекеттік бюджетке 147,1 млн теңге өндірілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Дәурен Даниярбекұлының сөзінше,  жемқорлықты алдын алу және қоғамды толғандыратын мәселелерді шешу мақсатында бірқатар оң нәтижелерге де қол жеткізгендігін айтты.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары жүргізілген талдау және мониторинг нәтижелерімен бүгінгі күні мемлекеттік бюджетке 147,1 млн. теңге қаражат өндірілді. Оның ішінде денсаулық сақтау саласынан 119,0 млн., спорт саласынан 17,9 млн., әлеуметтік саладан 3,8 млн. және субсидиядан 6,4 млн. теңге негізсіз төленген қаражаттар қайтарылғанын жеткізді.

Сонымен қатар, Жамбыл өңірінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасына енгізілген 11 бағыттың 9-ы бойынша нәтижелі жұмыстар жасалынды.

 ЖОЛДАР МЕН ИНФРАҚҰРЫЛЫМДАР БАҒЫТЫ

Жол саласындағы сыртқы талдаумен 28 жүйелі жемқорлық тәуекелдері анықталып, бұзушылықтар бойынша түбегейлі тексеру және 12 тұлғаға қатысты материалдан Әдеп жөніндегі кеңеске жолданды (атқарылмаған жұмысқа қаражат аудары және ақаулығы баржолдарды қабылдаутүріндегі мемлекеттік қызметке кір келтіру дерегі).

Өз кезегінде, өңірдегі автожолдарды салу және қайта жөндеу жұмыстарының сапасын жақсарту мақсатында әкімдіктің бұйрықтарымен олардың кепілдік мерзімі 5 жылдан 7 жылға дейін ұзартылды.

Сондай-ақ, кепілдік міндеттемелері бұрын көрсетілмеген орташа жол жөндеу туралы 26 шартқа өзгеріс енгізіліп, 2 жылға кепілдік мерзімі бекітілді. Салдарынан 9 ауыл әкімі жауапқа тартылды.

Енгізілген ұсыныстардың нәтижесімен қосымша қаражат бөлінбестен 2,8 км. ұзындықтағы қабырғалары бұзылған «Райс» каналының ені 2 метрден 3,5 метрге кеңейтіліп, Жамбыл ауданындағы 62 шаруа қожалығын суармалы сумен қамтамасыз етілді.

ОЛИГОПОЛИЯ

Олигополия бағытында да бірқатар жұмыстар  жасалынды. Экологиялық залалдармен байланысты тәуекелдерді болдырмау мақсатында облыс әкімдігінің қаулысымен 7 су объектісінің (көлдер мен өзендердің) су қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленді.

ЖЕР

Талас ауданында Сібір жарасы ошағы жанында орналасқан 24 гектарды құрайтын 4 жер учаскелері қайтарылды.

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

Жүргізілген жүйелі жұмыстардың арқасында білім басқармасы және оған бағынысты 553 мекемеде, сондай-ақ  спорт басқармасы және оның 49 ведомстволық бағынысты ұйымдарында «Бірыңғай цифрлық есеп» жүйесі енгізілді. Биометриялық қол қою, негізсіз төлемдерді бұғаттау фукциялары іске қосылды.

Білім саласындағы мониторингпен Тараз қаласы білім бөлімі тарапынан «Оқушылар сарайын» матариалдармен жабдықтау мақсатындағы сатып алынған тауарлардың сомасы 131 млн. теңгеге жоғарылап алынғаны анықталған, аталған мәселе аудитпен расталды. Қазіргі таңда мердігерден өндіру туралы сот шешімі шықты.

Денсаулық сақтау саласында еңбекақы төлеу қорындағы жемқорлық тәуекелдерінің жоғары екендігін ескере отырып, басқарма басшының бұйрығымен медицина қызметкерлеріне біріңғай ынталандыру төлемдерін есептеу әдістемесі бекітілді (бұрын Бірыңғай есептеу әдістемесі болмаған).

АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕН

            Ауылшаруашылық субсидияны төлеу барысында жекелеген қызметкерлерде дискрециялық өкілеттіктердің болуынын арқасында кезектілік сақталмаған 290 дерек анықталған. Департаменттің ұсынымынан кейін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы субсидия төлеу бойынша төлем құжаттарын қарау алгоритмін бекітті.

Сонымен қатар, Департаментпен тарапына мал және тұқым шаруашылығына байланысты субсидия алу шарттарын сақтамағаны үшін және өтінімдерінде жалған деректерін көрсеткен  шаруалардан 80 млн. теңгеден аса қаражатты қайтары туралы ұсыныс енгізілді.Оның 6,1 млн.теңге көлемінде қайтарылса, қалғаның жыл соңына дейін өндіру көзделуде.

 БИЗНЕС

«Бизнес жол» жобасы шеңберінде жүйелі 3 кейс анықталды, олар:

-субсидияланатын жұмыс орындарын қаржыландыру бойынша өтінімдерді қарау барысында 515 кәсіпкерлерге заңсыз бас тартқан;

- ауылшаруашылық субсидия алу үшін тапсырылған 243 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өтінімдер дер кезінде қаралмаған;

-жер қатынастары саласында жер учаскелеріне салынған ауыртпалықтарды уақытылы алынбай 53 кәсіпкердің құқығына қысым жасалған. Барлық кәсіпкердің құқығы қорғалды.

Одан бөлен желекелген 4 кәсіпкердің өтініші бойынша оң шешімдерін тапты.

Сонымен қатар, өткен жылы «Бизнес жол» жобасы аясында жүргізілген талдаумен салық саласында 36 бизнес субъектісінің шоттарға қолмен бұғаттауарқылы заңды құқықтарының бұзылғаны анықталған.

Департаменттің ұсынысы Мемлекеттік кірістер комитетімен қолдау тауып «Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесі» өзгеріс енгізумен шотты автоматты түрде бұғаттау функциясы іске қосылды.

 ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОБЪЕКТІЛЕР

Департаментпен қазіргі таңда3 құрылыс объектілеріне (Жуалы ауданы Б.Момышұлы және Қордай ауданы Қарасай батыр ауылдарындағы спорттық сауықтыру кешендері, Жарлысу ауылындағы су құрылысы) сүйемелдеу жұмыстарын жүргізуде. Аталған объектілерге қоғам өкілдерінің қатысуымен 6 шығу ұйымдастырылды, орын алған мәселелер бойынша Қоғамдық кеңесте 5 рет қаралып, Облыс әкімінің қатысумен өткен ведомствоаралық комиссия отырыстарында 3 рет баяндалды.

Нәтижесінде Жуалы және Қордай ауданы аудандарындағы спорттық сауықтыру кешендеріжұмыстар  толығымен жүргізілуде. Ал, Жарлысу ауылындағы су құрылысындағы орын алған су тапшылығына зерттеулер жүргізіліп жаңа су қоры анықталды. Қазіргі таңда, жаңа ұңғыма қазу процесі қолға алынуда.

Біріңғай мемлекеттік сатып алу жүйесі арқылы тауар мен қызметтердің сатып алуы барысындағы баға жоғарлауына жүргізілген мониторингпен енгізілген ұсыныстардың арқасында 937 млн. теңге бюджет қаражаты үнемделді.

Волонтерлардың жұмысын үнемі үйлестіру арқылы жетілдіруде. Осылайша, қоғамдық бақылау аясында еріктілердің күшімен13 әлеуметтік нысандардағы кемшіліктер жойылды, 197 млн. теңгеге сатып алынатын тауарларды негізсіз асыра бағалауға жол берілмеді, 920-дан астам азаматқа консультациялық көмек көрсетілді.

Жыл басынан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мақсатында 248 іс шара өткізіліп (әр түрлі мақсатты топтар арасында), Департаменттің бастамасымен қыркүйек айынан «Парасат елшісі» республикалық байқауы бастама алды.

АЙТА КЕТЕЙІК, ОСЫ АЙДА «ЖАСЫЛ ЕЛ-ТАРАЗ» ЖШС-НЫҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

 «Жасыл ел-Тараз» ЖШС-ның ұжымымен өткен кездесуге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің превенция басқармасының басшысы Е.Бақтыхожаев қатысты.

Кездесу барысында мекеме қызметкерлеріне жемқорлық әрекеттер үшін қарастырылатын әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктер және оның алдын алудың маңыздылығы туралы айтылды. Сондай-ақ квазимемлекеттік мекеме ұжымына комплаенс институтының маңыздылығы туралы айтылып, ұйымдағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау үшін ішкі талдау жүргізудің негізгі талаптары түсіндірілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасынан туындайтын міндеттер айтылды.

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Жамбыл облыстық перинаталдық орталығы ұжымымен өткен кездесуге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің превенция басқармасының басшысы Е.Бақтыхожаев қатысты. 

Кездесу барысында квазимемлекеттік мекемелердегі мүдделер қақтығысын реттеу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша кеңінен тоқталып өтті.

Сонымен қатар, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының» негізгі бағыттары туралы баяндама жасалды. Тұжырымдамада мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттары айқындық, әдептілік және сатылмаушылық болып табылатындығы туралы айтылған. Жалпы алғанда халықтың өмір сүру сапасын арттыру және сыбайлас жемқорлық факторларының алдын алу осы денсаулық сақтау саласының жұмысында маңызды басымдық болуы қажет.

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ СТАНСАСЫ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Жамбыл облыстық медициналық жедел жәрдем стансасы ұжымымен кездесу өтті. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің превенция басқармасы басшысының орынбасары Қ.Байгебаев кездесу барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының негізгі ережелері, қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын қатаң сақтау жөніндегі міндеттері, сондай-ақ қызметтік міндеттерді адал және сапалы орындаудың маңыздылығы туралы айтып өтті.

Сонымен қатар, осы саладағы жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, ішкі талдау жүргізудің негізгі қағидалары туралы кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

 №5 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНА ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

№5 қалалық емхана ұжымымен ұжымымен өткен кездесуге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің превенция басқармасының басшысы Е.Бақтыхожаев қатысты.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комплаенс-қызметтер жұмысының негізгі мақсаты тиісті ұйымның және оның қызметкерлерінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу болып табылатындығы айтылды.

Сонымен қатар, мекеме қызметкерлеріне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған Тұжырымдамасының»  негізгі ережелері мен талаптары, квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі комплаенс-қызметтер қызметінің бағыттары, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қағидалары туралы баяндалды.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар