дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 9:13

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Апта сайын барамын». Таластың әкіміне мектептегі жұмысшылар неге жан айқайын жеткізе алмады

«Апта сайын барамын». Таластың әкіміне мектептегі жұмысшылар неге жан айқайын жеткізе алмады
фото - ашық дереккөзден
Осы сұраққа әкімнің өзі жауап берді

Бүгін ӨКҚ баспасөз алаңына Талас ауданының әкімі Нұрбол Жүнісбеков келіп, есеп берді. Шенеунікке Jambylinfo.kz тілшісі сұрақ қойып,  Ақкөл орта мектебінде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізген жұмысшылардың неліктен 2 ай бойы жалақы ала алмауының себебін сұрады. 
Нұрбол Жүнісбеков ай сайын емес, апта сайын жұмысы кешеуілдеп жатқан мектептің жайын көруге барғанын айтты. Бірақ, жұмысшылар ол кезде жалақыларының жайын сұрамаған. Айлап шешілмеген мәселе бойынша тіс жармапты.

-    «Мектепке бірде-бір рет бармадыңыз ба» деген сұрақ дұрыс емес шығар. Өйткені, мен аптасына бір рет барып, жұмыс барысын тексеремін. Бірақ, жұмысшылар маған мұндай мәселе көтерген жоқ. Бұл енді мердігер мен жұмысшы арасындағы келісімшарт. Кейінірек хабардар болғасын біз мердігерге шара қолданып, жұмысшыларға ақшаны толық төлеттік,- деді әкім. 

Ал, шу шыққан Ақкөл орта мектебіндегі күрделі жөндеу жұмыстары жоспар бойынша оқу жылы басталғанға дейін бітуі керек болған. Яғни, мердігер жұмысы кешеуілдеп жатыр. Бұны Нұрбол Жүнісбеков «жұмыстың сапасына мән береміз» деп түсіндірді. Оның сөзінше, ағарту ошағы алдағы 10 күннің көлемінде оқушыларға есігін ашады.

-    Жұмыс жасалғаннан кейін біз оның сапасына қатты көңіл аударып отырмыз. Мердігерлер де кешігіп жатыр. Осы тоқсанның басында беруге болатын еді. Бірақ біз мердігерге сапалы жұмыс жасау бойынша талап қойдық. Алдағы 10 күннің ішінде мектептің күрделі жөндеу жұмыстарын бітіреміз,- деді Талас ауданының әкімі.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар