сейсенбі, 2 шілде, 2024 22:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«ARAI» жастар газеті бас редакторының орынбасары тағайындалды

«ARAI» жастар газеті бас редакторының орынбасары тағайындалды
ашық дереккөзі
«ARAI» жастар газеті бас редакторының орынбасары тағайындалды

Жамбыл облыстық «ARAI» жастар газеті бас редакторының орынбасары болып Жасұлан Сейілханов тағайындалды.

Жасұлан Бақытбекұлы Сейілханов 1986 жылы 20 қаңтарда Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қаракемер ауылында дүниеге келген.

1992-2003 жылдары аралығында Қаракемер ауылдық №14 Ә.Нүсіпбаев атындағы орта мектепте оқыды.

2003 жылы Алматыдағы Халықаралық мамандықтар институтына түсіп, 2004-2008 жылдары Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде халықаралық журналистика мамандығы бойынша жоғары білім алды.

Еңбек жолын 2005 жылы «Қазақстан» РТРК Жамбыл облыстық филиалындағы облыстық радионың тілшісі болып бастаған.

Әр жылдары Қордай аудандық «Қордай шамшырағы», Тараз қалалық «Jambyl-Taraz», Жамбыл облыстық «Aq jol», «ARAI» газеттерінде, республикалық «Асыл арна» телеарнасында тілші, шығармашылық топ жетекшісі, жауапты хатшы болып еңбек етті.

2017 жылдан бастап осы кезге дейін облыстық «ARAI» газетінде жауапты хатшы, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарып келді.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар