Қаратауда Қонаев музейінің құрылысы басталды
- авторjambylinfo.kz
- 23 қыркүйек, 2020
- 741
Елі үшін еселі еңбек етіп, артында өшпес із қалдырған Қонаевтай көрнекті тұлғаға деген құрмет ешқашан толастаған емес. Аты аңызға айналған дара тұлғаның есімі халқының мәңгі жадында. Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткеріне көрсетілер құрмет, атқарылар игі тірлік Әулиеата жерінде әрдайым жалғасын тауып келеді. Таластықтар бүгінде осы игі бастамалардың көш басында келеді десек артық айтқандық емес. 2018 жылы құрылған «Д.А.Қонаев атындағы Талас аудандық қоры» қоғамдық қорының қарқынды жұмысы сөзімізге дәлел болса керек. Қорды құруға атсалысқан ауданның игі жақсыларының әу бастағы мақсаты — Талас жеріне Д.А.Қонаевтың мұражай үйін тұрғызу еді. Жыл басында болашақ музейдің іргетасы қаланатын жер салтанатты жағдайда белгіленген болатын, енді міне таяу күндері музейдің құрылысы басталып та кетті. Ұлбике ақын атындағы мәдениет үйінің маңынан қоныс тепкен музейдің құрылысын «Д.А.Қонаев атындағы Талас аудандық қоры» қоғамдық қорының директоры Рашид Сейдалиевтің басшылығымен «Игілік» мекемесі жүргізуде. «Д.А.Қонаев атындағы Талас аудандық қоры» қоғамдық қорының есебінен қабырғасы қаланып бастаған музейдің құрылысы 2021 жылы аяқталады деп жоспарлануда.
Мадина ЖАРАС, Талас ауданыjambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз