жұма, 27 желтоқсан, 2024 16:03

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Арт спорт" жобасы бойынша ақпарат Ішкі мемлекеттік аудит департаменті

"Арт спорт" жобасы бойынша ақпарат Ішкі мемлекеттік аудит департаменті
ашық дереккөзі
"Арт спорт" жобасы бойынша ақпарат Ішкі мемлекеттік аудит департаменті

Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі-Департамент) "Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" КММ және "Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" КММ-де "Арт спорт" жобасын іске асыруға бөлінген ақшалай қаражатты жұмсау мәселесі бойынша аудиторлық іс-шаралар өткізілді.

«Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының Бұқаралық - спорттық шаралар өткізу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 2021 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасынан балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт үйірмелерінде мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесін іске асыруға және олардың жұмыс істеуіне 142 328,0 мың теңге бөлініп, толық игерілген, орта есеппен 5727 ваучерді қамтитын спорт секцияларының 17 түрі қаржыландырылған. Сондай-ақ, 2022 жылдың 8 айында Мекемеге 520 952,0 мың теңге қаражат бөлініп, оның 518 695,7 мың теңгесі игерілген, орта есеппен 5747 ваучерді қамтитын спорт секцияларының 17 түрі қаржыландырылған.

2021 жылы мемлекеттік спорттық тапсырыс шеңберінде Аrtsport.edu.kz платформасына 232 өтінім беріліп, оның ішінде 59 Мердігердің өтінімдері мақұлданып, 45 Мердігер қызмет көрсеткен, 2022 жылдың 8 айында Мердігерлердің саны 32 құраған.

Айта кететіні, балалардың белсенді өсімі 2021 жылдың қазан айынан басталған.

Аудиторлық іс-шараның нәтижесі бойынша 13 436,0 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар және 171 544,1 мың теңгеге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталған, яғни, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджет кодексінің және Қазақстан Республикасы қаржы министрінің 2014 жылғы                                        4 желтоқсандағы №540 «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» бұйрығының сақталмауы салдарынан 13 436,0 мың теңгеге мемлекеттік спорттық тапсырыс бойынша нақты қызмет көрсетусіз ақшалай қаражат негізсіз аударылғаны анықталған.  

Анықталған бұзушылықтар бойынша бүгінгі күнге 8316,1 мың теңге жергілікті бюджет есебіне өтелді, ал 1709,4 мың теңгесі Мекеменің Мердігерлер алдындағы кредиторлық қарызы есебінен қалпына келтірілді.    

Сондай-ақ, 7 Мердігер бойынша материалдар сотқа берілген.

"Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" КММ

Облыстық бюджеттен шығармашылық үйірмелерді қаржыландыруға 2021 жылы 205766,0 мың теңге бөлініп, 135 766,0 мың теңге игерілді (6299 ваучерге), 2022 жылы - 464 147 мың теңге (8532 ваучерге).

Жүргізілген аудиторлық іс-шаралармен "Арт Спорт" жобасы шеңберінде қызмет көрсетушілер, қатысатынбалалардың саны туралы дұрыс емес мәліметтер беретіні анықталды.

Аудиторлық іс - шараның нәтижелері бойынша үйірмелерге қатыспаған балалар жалпы сомасы 3 716,0 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды (2021 жылы – 934,7 мың теңге, 2022 жылы-2 781,3 мың теңге), бұдан әрі Департамент анықталған бұзушылықтарды жою туралы Ұсыныс енгізе отырып, ден қою шараларын қабылдады.

"Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" КММ-нің жолдаған жауабыбойынша бюджетке 7 өнім беруші бойынша 1645,2 мың теңге өтелді, 8 өнім беруші бойынша материалдар анықталған бұзушылықты өтеу үшін сотқа берілді.

Сондай-ақ, Жамбыл облысы бойынша Атамекен ҰКП-да 2023 жылғы 15 ақпанда құқық қорғау органдары, ЖАО, Әділет департаменті өкілдерінің, қызмет көрсетушілердің және басқалардың қатысуымен конференция өткізілді, онда "Арт спорт" жобасын іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын ұйымдастыру және ұтымды пайдалану мәселелері талқыланды.

2021 жылдың мамыр айынан бастап Қазақстанда балалар спорты мен шығармашылығын дамыту бойынша «Арт-спорт» бағдарламасы жүзеге асырылды, соның арқасында мыңдаған балалар спорт секцияларына жәнешығармашылық үйірмелерге тегін қатысуға мүмкіндік алды.

«Арт-спорт» бағдарламасы аясында 4 жастан 17 жасқа дейінгі балалар спортпен және шығармашылықпен тегін айналысуға мүмкіндік алды. Бұл бағдарламадажасөспірімдерді шығармашылық және спорттық үйірмелерарқылы дамытуға арналған. Бұл өз кезегінде ата-аналар үшін, әсіресе көп балалы отбасылар үшін өте тиімді, өйткені айына бір баланың қатысуына орташа есеппен 14 000 теңге жұмсалады.

Жалпы, елдегі балалар спортпен неғұрлым көп айналысса, бұл ұлт денсаулығына оң әсер етеді.

Жамбыл облысы бойынша

Ішкі мемлекеттік аудит

Департаментінің басшы

М.Т.Егембердиев

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар