жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 16:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Арзан бағада қант сатамын деген алаяқ ұсталды

Арзан бағада қант сатамын деген алаяқ ұсталды
ашық дереккөзі
Арзан бағада қант сатамын деген алаяқ ұсталды
Полицияға жергілікті тұрғыннан бейтаныс адамның оған қант зауытынан төмен бағамен 20 тонна қант сатып алып беруге уәде беріп, алдап кеткені туралы хабарламасы түсті. Ер адам жүк көлігімен қант алуға келгенде күдікті одан ақшаны алып, оны зауыт қақпасына жібереді, ал өзі осы уақытта белгісіз бағытта жасырынып, байланысқа шығуын тоқтатқан. Келтірілген шығынның жалпы көлемі 4 миллион 200 мың теңгені құрады. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер бұрын бірнеше рет сотты болған Алматы қаласының 37 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Күдікті өз кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазіргі уақытта оның бұдан басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоғы анықталуда. Айта кетерлігі, бұл біздің өңірдегі жалған қантты сату бойынша алаяқтық дерегінің алғашқы жағдайы емес. Бірнеше ай бұрын алаяқ сенімге кіріп, алдау жолымен Тараз тұрғындарына жалпы көлемі 2 миллион теңгеден астам шығын келтірген.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар