Aspara бренді – Милан төрінде
Aspara бренді – Милан төрінде
Ағымдағы жылдың 26 қыркүйегінде Италия елінің Милан қаласында «Milan
Fashion Week» сән апталығы басталды. Бұл көрсетілімде Жамбыл облысының Aspara бренді өз коллекциясын ұсынды. Осы орайда облыс әкімдігінің туризм басқармасы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен сабақтастырып, «Zhambyl Tourizm Road Show Vizit Taraz» презентациялық турын өткізді. Аталған іс-шараны ұйымдастырудағы басты мақсат – Жамбыл облысының туристік өнімін ілгерілету, әлемдік нарықта имидж құру және нығайту, өңірдің туристік әлеуетін таныстыру, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту.