сейсенбі, 24 ақпан, 2026 17:06

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ассамблея мүшелері жаңа Заңға қатысты ойларын ортаға салды

Ассамблея мүшелері жаңа Заңға қатысты ойларын ортаға салды
Ашық дереккөз
Жиында ұтымды ұсыныс-пікірлер айтылды

Жамбыл облыстық Ассамблея өкілдері жаңа Конституция жобасымен танысып, ел болашағын айқындайтын құжат жөніндегі ойларын ортаға салды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

 

Жиында облыстық коалиция мүшелері Гулам Умаров, Айнұр Келімбетова, Еркін Атымтаев жаңа Ата Заңның ерекшеліктері мен маңызына мән беріп өтті. 

 

Өз сөзінде халық қалаулысы Айнұр Келімбетова Конституцияның 77 бабына өзгеріс енгізуді көздейтін жаңа жоба әзірленгенін, бұл жалпы мәтіннің 84 пайызын қамтитынын атап өтті. 

 

Сондай-ақ жаңа Конституциялық жобаның азаматтық қоғам институттарына негізделгенін жеткізді. 

 

Бұдан бөлек, жиында ҚХА өкілдері  тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылып, қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді. 

 

Айта кетейік, жаңа Конституция жобасы 15 наурыздағы жалпыұлттық референдум арқылы қабылданады.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар