жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:05

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Ғасырларға сапар шеккен ақыл ескерткіші" атты әдеби кездесу өтті

"Ғасырларға сапар шеккен ақыл ескерткіші" атты әдеби кездесу өтті
Фото: Jambylinfo.kz
Шара отандық әдебиеттің 100 үздік кітабын анықтауға бағытталған жалпыұлттық сауалнама аясында ұйымдастырылды.

Тараз қаласындағы облыстық кітапханада «Ғасырларға сапар шеккен ақыл ескерткіші» атты әдеби кездесу өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бұл бастаманың басты мақсаты – қазақ әдебиетінің озық үлгілерін дәріптеу, ұлттық рухани мұраны сақтау, халықты кітап оқуға ынталандыру және отандық баспа ісінің дамуына қолдау көрсету.

Кешке Жамбыл өңірінің зиялы қауымы, шығармашылық өкілдері мен жастар қатысты. Атап айтқанда, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Мәдениет және өнер» кафедрасының меңгерушісі Айгүл Қабиева, қоғам қайраткері, журналист Жаңабай Миллионов, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Шәріп Дәулетбаев, облыстық мәслихат депутаты, «Ақ жол» газетінің бас редакторы Оралхан Дәуіт, айтыскер ақын Ербол Қамбатыров, қоғамдық бірлестік жетекшісі Жанар Орынбаева және Қазақстан Жазушылар одағы Жамбыл облыстық филиалының директоры, облыс әкімінің кеңесшісі Хамит Есаман сөз сөйлеп, ұлттық әдебиет жайында өз ойларын ортаға салды.

Кездесуде қатысушылар өздері жоғары бағалайтын көркем туындыларды атап өтіп, әдебиеттегі жанрлық әртүрлілік, жазушылардың қоғамдағы рөлі мен кітаптың адам өміріндегі мәні туралы пікір алмасты.

Жастар мен зиялы қауым өкілдерінің рухани үндестігіне айналған бұл шара, сөзсіз, кітаптың қадірін арттырып, оқырман мен қаламгер арасындағы байланысты нығайта түсті.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар