Ата діннен алыстамайық…
Ата діннен алыстамайық…
Облыс әкімдігі дін істері басқармасының кешенді профилактикалық іс-шаралар жоспарына сәйкес өткен жұмада аудандық мәдениет үйінде «XXI ғасырдағы Қазақстандағы дін» деген тақырыпта мәні бар мағыналы жиын өтті. «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында өрбіген жиынға арнайы қонақ ретінде Түркістан облысынан шақырылған дінтанушы Дастан Желеуов келіп, құландық жұртшылыққа уағыз айтты. Қазір елімізде жат ағымның жетегіне түскен отандастарымыздың саны жыл өткен сайын көбеймесе, азаймай тұр. Біз қолдан келгенше осындай уағыз насихаттарымыз арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізгенімізге қарамастан, олардың саны көбейіп барады. Өздеріңізге белгілі, егемендіктің алғашқы жылдарында елімізге әр түрлі бағыттағы миссионерлік топтар келе бастады. Олардың әрқайсысының көздеген мақсаттары болды. Бізді ұлттық дәстүрлерімізден айыруға тырысып бақты. Діни сауатсыздықтың төмендігінен қаншама бауырларымыз жат ағымның жетегінде кетті. Ұлттың сойылын соғады деп жүрген қаншама ер-азаматтарымыз ата діннен жырақтап, Сирияға аттанды. Құрметті жамағат, бұл — діни сауатсыздықтың төмендігі салдарынан орын алып жатқан жағдай. Осы ретте, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалаларында айтылған оңды пікірлерге ден қойғанымыз абзал. Ұлт Көшбасшысы ұлттық код турасында көркемдеп, дәйекті тұрғыда бағдарламалық мақала жазды. Біз тура жолдан таймауымыз қажет. Бабаларымыз салып кеткен сара жолды жалғастырып, ата діннен алыстамауымыз керек» деді дінтанушы өз уағызында. Содан соң, залға жиналған көрермендер болған оқиға желісімен түсірілген Серікбол Өтепбергеновтың «Шестой пост» атты фильмін көрді. Дәл осы кино түс ауа «Сұлутөр» кинотеатрында да қойылды.
All you need to do is to casino american express know what symbols and numbers signify payouts with a high amount.