Жамбыл жаңалықтар
Атақты «Ерке сылқым» күйінің авторы Әбдімомын Желдібаев өмірден өтті
- авторjambylinfo.kz
- 12 сәуір, 2024
- 1.8k
Қазақтың атақты күйші-композиторы, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Әбдімомын Желдібаев 90 жасында көз жұмды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Әбдімомын Желдібаев 1934 жылы 15 қазанда Жамбыл облысы Шу ауданында туған. Күйшінің "Толғау", "Ерке сылқым", "Боз жігіт", "Жесір сазы", "Ыдырыс", "Аққу", «Арман құс», «Абай арманы», «Жамбыл толғауы» сынды 70-тен астам күйі мен әні бар.
Жамбыл мәдени ағарту училищесін, Алматы консерваториясын тәмамдаған. 1964 жылдан Шу аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі болды. Абыз күйші 30 жылдан астам уақыт «Шу еркесі» халық аспаптар ансамбліне жетекшілік етті. «Құрмет» орденімен марапатталған.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
«Ауыл аманаты»жобасы аясында 4 мыңнан астам жоба қаржыландырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024