«Aulieata-media» сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің алғыс хатына ие болды
28 маусым — Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні
Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен "Медиакоммуникациялық алаңның сайлау процессін даярлау мен өткізу барысындағы рөлі" тақырыбында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесу өтті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Кездесуге өңірдегі бұқаралық ақпарат құралдарының бас редакторлары, ардагер журналистер және Түркістан, Қызылорда облысынан келген облыстық сайлау комиссияларының өкілдері қатысты.
Жиында Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов сөз алып, елдегі сайлау процесстерінде журналистердің атқаратын қызметін жоғары бағалады.
Жиында сөз сөйлеген «Aulieata-media» ЖШС бас директоры Данияр Асқарұлы өзі басқаратын медиадағы облыстық «Aq jol», «Знамя труда», «Арай жастар» газеті мен «Jambylinfo.kz» сайты және «Контент» орталығы елдегі саяси науқанға белсене араласатынын және оның әрқайсысы жедел әрі шынайы ақпарат тарататынын тілге тиек етті.
Түркістан, Қызылорда облыстарынан келген сайлау комиссиясының өкілдері өз аймақтарында жүріп жатқан жұмыстары туралы айтып, тәжірбиелерін ортаға салды.
Мұнан кейін Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы мен «Aulieata-media» ЖШС және қалалық, аудандық АСК жергілікті БАҚ редакторларымен меморандумға қол қою рәсімі өтті.
Жиын соңында Серғали Айдапкелов «Aulieata-media» ЖШС бас директоры Данияр Асқарұлына Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің Алғыс хатын табыстады.