"Ауыл аманаты": Жуалылық тұрғындардың тұрмысы тіктеліп келеді
Жуалы ауданында "Ауыл аманаты" бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы қарқынды дамуда. Мал басы айтарлықтай өсіп, техника паркі жаңартылды. Мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылып, тұрғындардың тұрмыстық табысы артты. Инфрақұрылым жаңарып, кәсіпкерлік бағытында нәтижелі жобалар іске асырылуда.
Бүгінде жуалылықтар тұрмыстық табысты арттыруға бағытталған бірегей жобаның тиімділігін көруде. Ел өңірлерінде бұған дейін айтарлықтай жоғары нәтиже бере бастаған «Ауыл аманаты» бағдарламасы шаруалардың шаруасын шалқытуға сеп болып отыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бұл бағытта Жуалы ауданына қарасты Ақтөбе, 7 Ақсай, Жетітөбе, Қарасаз, Қызыларық және Мыңбұлақ ауылдық округтерінде бұған дейін жүйелі жұмыстар атқарылып, аталған жоба өзінің тиімділігін көрсетті деуге толық негіз бар.
Жамбыл облысында облыс тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыруға бағатталған пилоттық жоба ретінде қолға алынған аталған бағдарлама алғашқыда ауданға қарасты Ақтөбе ауылдық округінде сәтті жүзеге асырылған болатын.
Ақтөбе ауылдық округіне қарасты 4 елді мекеннің 444 ауласы қатысып, жобаның 4 бағытына жалпы – 723,3 миллион теңге несие қаражат беріліп, толық игерілді. Таратып айтар болсақ, жобаның 1-бағытымен үй іргесіндегі жерлерді тиімді пайдалануға – 444 ауладан 68 гектар жер игерілсе, мал шаруашылығын дамытуға 2-бағытпен 191 тұрғын жалпы сомасы – 588,3 миллион теңгеге 2347 мал басын сатып алды.
Ауыл сыртындағы жер үлесін тиімді пайдалануға бағытталған 3-бағытпен – 36,5 миллион теңге несие беріліп, игерілген егістік жер көлемі – 1423 гектарды құрады. Ал жобаның 4-бағыты ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативін құрып, техника сатып алу бойынша «Атамекен-Бастау» АШӨК-на 93,8 миллион теңгеге 3 трактор, 2 дана дән сепкіш, 1 дана БДТ, 1 дана картоп егетін, 3 дана КУН, 3 дана соқа, 1 дана астық комбайны, 2 дана минералды тыңайтқыш сепкіш, 1 дана тырма, 1 трактор тіркемесі, 1 сүт тасымалдайтын техника, барлығы 19 дана ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды. Одан бөлек, тұрғындардың өз кәсібін ашуға бағытталған 5-бағытпен ауылдың бір тұрғыны 4,7 миллион теңге несиеге кондитерлік цех жұмысын жолға қойып, өндіріс іске қосылған.
«Ауыл аманаты» бағдарламасына Ақсай ауылдық округінен 2 елді мекеннің 518 ауласы қатысып, жобаның 5 бағытына жалпы 565,6 миллион теңге несие қаражат беріліп, толық игерілді. 1-бағытпен үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалануға – 518 ауладан барлығы 61 гектар жер игерілді. 2-бағыт мал шаруашылығын дамытуға – 78 тұрғын жалпы сомасы 341,6 миллион теңге несие қаражатына 1254 мал басын сатып алды. 3-бағыт ауыл сыртындағы жер үлесін тиімді пайдалануға – 43,1 миллион теңге несие қаражатына игерілген егістік жер көлемі 800 гектарды құрайды. 4-бағытпен ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне техника сатып алу мақсатында осында құрылған «Ақсай» АШӨК-на 148,0 миллион теңгеге 3 дана трактор, 1 дана тас жинағыш, 2 дана шөп оратын комбайн, 2 дана трактор тіркемесі, 1 дана жүгері комбайны, 2 дән сепкіш, 1 дана қопсытқыш, 2 дана соқа, 1 дана шөп тайлағыш, 2 дана минералды тыңайтқыш сепкіш, 1 дана арық қазғыш, 2 дана КУН, барлығы 20 дана ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды. 5-бағыт тұрғындардың өз кәсібін ашуға – 3 бал ара өсіру жобасы іске асырылды.
Кәсіпкерлікке қолдау бар
Еліміздің ұзақ мерзімді стратегиялық даму жоспарында кәсіпкерлікті дамыту саласы негізгі индикаторлардың бірі болып белгіленгені мәлім. Кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту мақсатында аудан көлемінде бірқатар жұмыстар атқарылу үстінде. Өнеркәсіптің көлемі жөнінен облыста Жуалы ауданының үлесі – 3,5 пайызды құрайды.
Сондай-ақ, кәсіпкерлік пен өнеркәсіп бөлімнің мәліметінше, биыл ауданға қарасты Қызыларық ауылдық округінің Сұрым ауылында «Мол Даму» агроөндірістік кешенінде сүт өңдеу цехын іске қосу жоспарлануда. Ақсай ауылдық округінің Қайрат ауылынан жеке кәсіпкер «Жанғараев Әділет» табиғи артезиан суын өңдеу арқылы «Жуалы-Су» атауымен құтыдағы ауыз су шығарды.
Жоба құны – 2,5 миллиард теңгені құрайтын «Алтын Ел-Груп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құс фермасын салуды жоспарлау үстінде. Жалпы, кәсіпкерлік пен өнеркәсіп бағытын дамыту ісінде аудан көлемінде айтарлықтай жұмыстар жалғасын тауып отыр.
Ауыл көшелері жаңғыртылуда
Ел өңірлерінде, әсіресе ауылдық жерлерде тұратын тұрғындарға қолайлы жағдайлар жасау үшін инженерлік-инфрақұрылымдық даму жұмыстарының қарқын алып отырғаны белгілі. Тұрғындардың тұрмысын жеңілдету ісіне қолайлы жағдайлар жасау – мемлекет дамуының басты талаптарының бірі. Сондықтан Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2025 жылға дейін тұрмыстық игіліктері жоқ ауылдардың барлығы инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл – міндетті меже.
Соңғы жылдары Жуалы ауданында тұрғындар санының артып келе жатқанын ескерсек, елді мекендерді ауыз сумен, жылумен, табиғи газбен, электрмен және қанағаттанарлық автомобиль жолдарымен жабдықтау мәселелеріне облыс, аудан басшылығының тарапынан көбірек көңіл бөлініп отыр. Ауыл тұрмысын жақсарту, тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдайлар жасау, сол арқылы инженерлік-инфрақұрылым жүйелерін жаңғырту ісі аудан орталығы, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының есімін иеленген ауылда да сәтімен жүзеге асырылып келеді.
Атап айтқанда, биыл жыл басынан Б.Момышұлы ауылында инфрақұрылым жүйелерін жаңғырту, көше жолдарын жөндеу, жаяу жүргіншілер жолы мен көше жиектеріне суағар темір-бетон лотоктар салу бойынша жоспарланған жұмыстар кестеге сай атқарылу үстінде. Өткен жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасының аясында орталықтағы әл-Фараби, Көктем, Наурыз, Ш.Уәлиханов, Ақжол көшелері жөнделсе, А.Оразбаева көшесі орта жөндеуден өтті. Сонымен қатар аталған бағдарламаның аясында аудан орталығындағы М.Мәметова және Ы.Алтынсарин көшелерінің қиылысы, В.Латикант көшесіне орта жөндеу жүргізіліп, жыл соңында төртінші деңгейлі бюджет қаражатының есебінен Б.Момышұлы ауылындағы 31 көше мен бұрылыстарға көше жарығын орнату жұмыстары жүргізілген.
Биыл «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасының аясында Б.Момышұлы ауылындағы Жамбыл көшесіне бұрылыстарымен бірге орта жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып, қазір атқарылу үстінде. Ұзындығы екі шықырымға жуықтайтын орталық көшенің жоба құны – 195 161,4 мың теңге. Жұмысқа жауапты мердігер мекеме – «ПМК-109» жауапкершілігі шектеулі серіктестік. Онымен қоса, Жамбыл көшесінде жаяу жүргіншілер жолы да қайта жөнделіп жатыр.
Орталық алаң тұсындағы жаяу жүргіншілер жолының ескірген табаны сүріліп, орнына жаңадан брусчатка төселу үстінде. Жолдың жиегіне қойылған сәнді бордюрлер де ауылдың сәнін аша түсетіні анық. Қазіргі уақытта аудан орталығында құрылыс жұмыстары аяқталған көшелердің қатарында аудан орталығындағы – Боранды, Желтоқсан, Әйтеке би, З.Елшібаев және Жанқожа батыр көшелері бар. Одан бөлек, биыл жоспарға сәйкес, «Ауыл – Ел бесігі!» бағдарламасымен – Б.Сафинов, Б.Үсенов, Ш.Уәлиханов көшелерінің бұрылысы және Ұлан көшесінің орта жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Б.Момышұлы ауылында газдандыру және ауыз су жүйелері толықтай орталықтандырылғанын да айтқан жөн.
Аудан орталығында көше жолдарын жөндеу жұмыстарының қарқын алып оған қомақты қаражат бөлініп отырғанын ескерсек, бұл ретте ауыл әкімшілігінің тарапынан құрылысқа тұрақты бақылау жасау артық етпейді. Б.Момышұлы ауылының әкімі Рәтбек Көсембаев құрылыстың барысын өзі бақылауға алғанын айтып, жөндеу жұмыстарының кестеге сай атқарылып жатқанын жеткізді.
Жаз ыстықта, қыс суықта ысылған
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы Жарлығымен Қазақстанда қыркүйек айының соңғы жексенбісі «Еңбек күні» мерекесі болып белгіленді. Көлбастау ауылының тұрғыны, көпбалалы ана Фатима Утелиева 2018 жылдан бері ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылып, еңбек көрігін қыздырып келеді.
Фатима 1980 жылы Қарақалпақта Мойнақ совхозында дүниеге келген. Қарапайым, көпбалалы отбасында тәрбиеленіп, ата-анасының жұмыс талғамай еңбек еткенін көріп өскен.
Мен де үйде балаларыма осы өсиет сөздерді айта отырып, кез келген жерге қоқыс тастамауға, тазалықты ұстануға үйретемін. Себебі, мен бұл жұмысты атқаратын адамдардың еңбегін жақсы білемін, – дейді ол.