Ауыл азаматтары сауапты іске атсалысуда
Ауыл азаматтары сауапты іске атсалысуда
Жамбыл ауданы Гродекова ауылында тұрмысы төмен отбасыға асарлату арқылы үй салынып жатыр. Тонның ішкі бауындай ұйымдасқан тұрғындар қазіргі таңда іргетасын қалап, қабырғаларын тұрғызып үлгерді. Округ әкімі Болат Қожабеков ілкімді іске өз үлесін қосып, қажетті техникамен қамтамасыз етуде. Жұмыла бастаған берекелі бастама көп ұзамай тиянағын табатынын ескерсек, қайырлы іске ден қойып, күннің қамын ел қабағына алмастырған азаматтар Алла тағаланың таудай сауабына, халықтың риясыз алғысына бөленетіні сөзсіз!