сенбі, 5 қазан, 2024 23:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы тағайындалды

Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы тағайындалды
ашық дереккөзі
Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы тағайындалды
Жамбыл облысы әкімінің 2020 жылғы 4 желтоқсандағы №257-Ж/Қ өкімімен Аманов Қайрат Тілеубайұлы облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Бүгін жаңа басшыны ұжымға облыс әкімінің орынбасары Берік Нығмашев арнайы келіп таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.
Қайрат Тілеубайұлы 1964 жылы Жамбыл облысы, Сарысу ауданында дүниеге келген. Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылық институтын «ғалым-агроном» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1990 жылы Сарысу ауданы, «Коммунар» совхозында бригадир көмекшісі болып бастаған.
1991-1995 жылдары – Сарысу ауданы, «Коммунар» совхозында бригадир, аға агроном болып жұмыс жасаған.
Одан кейін әр жылдары Сарысу ауданы әкімі аппараты мен аудандық бөлімдерде бас маман, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы, Алматы қаласы кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасының статисті, Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасында бас маман, бөлім басшысы болды.
2016 жылдың қараша айынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар