Ауыл шаруашылығы саласында 425,4 млрд теңгенің өнімі өндірілді - Ербол Қарашөкеев
- авторМағжан Орынбасар
- 5 желтоқсан, 2024
- 356
Ауыл шаруашылығы саласында 425,4 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев орталық коммуникациялар алаңында өтіп жатқан брифингте айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, жыл басынан бері ауыл шаруашылығы саласына 24,6 млрд теңге субсидия бөлініп, 14,9 млрд теңге инвестиция тартылған.
- Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 425,4 млрд теңгені құрады. Ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабы 626,7 мың га құрады. Өңірде қант қызылшасынан басқа барлық дақылдар бойынша егін жинау науқаны аяқталды. 3,6 млн. тонна өнім жиналды, оның ішінде 671,4 мың тонна дәнді масақ, 36,3 мың тонна майлы дақылдар, 1,2 млн. тонна көкөніс дақылдары, 172 мың тонна картоп. Қант қызылшасы бойынша егін алқабының 84%-ы жиналды. Бүгінге 600 мың тонна өнім алынып, орташа өнімділігі 650 ц/га құрады. Жиналған өнім Меркі және Ақсу зауыттарына өткізілуде. Қант қызылшасын субсидиялауға желгілікті бюджеттен 3,4 млрд теңге бөлініп, жыл соңына дейін республикалық бюджеттен 5 млрд. теңге көлемінде қаржыландыру күтілуде,- деді аймақ басшысы.
Сондай-ақ биыл асыраушы салада алғаш рет ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша бағдарлама іске асырылып, 3,2 млрд теңгеге жылдық 5%-бен 244 бірлік сатып алынған.
- Сонымен қатар, «Тараз» ӘКК арқылы жылдық 2,5%-бен 68 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы, 116 бірлік аспалы және тіркеме техникалары және 7 қызылша жинау комбайны сатып алынды. Нәтижесінде, ауылшаруашылығы техникасын жаңғырту деңгейі 8%-ды құрады,- деді облыс әкімі Ербол Қарашөкеев.
Ұқсас жаңалықтар
«Ауыл аманаты»жобасы аясында 4 мыңнан астам жоба қаржыландырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024