Жамбыл жаңалықтар
"Автобус" жедел-алдын алу іс-шарасы өтті
- авторjambylinfo.kz
- 12 желтоқсан, 2022
- 247
"Автобус" жедел-алдын алу іс-шарасы өтті
2022 жылғы 5-11 желтоқсан аралығында Жамбыл облысының аумағында "Автобус" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
Профилактикалық іс-шараның басты мақсаты – қоғамдық көліктің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының санын азайту және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Әкімшілік полиция қызметкерлері автобустардың жолға шықпас бұрынғы техникалық жай-күйін, олардың жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі белгіленген талаптарына сәйкестігін, жүргізушілерде тіркеу құжаттарының болуын, нормативтер мен стандарттар талаптарын бұза отырып автобустарды пайдалану, көлік құралдарын заңсыз қайта жабдықтау деректерін анықтап тексереді.
Рейдтік іс-шараның бірінші күні полиция қызметкерлері қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған 203 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде мемлекеттiк немесе мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өтпей маршрутқа шыққан 16 автобус, заңсыз түрде қайта жабдықталған 10 автобус бар.
- Бұдан басқа, техникалық ақауы бар автобустарды желіге шығарғаны үшін 6 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, пайдалануға тыйым салынуына байланысты 14 автобус айып тұрағына қойылды, рұқсат етілмеген 3 тұрақ жабылды, - деді Жамбыл облысының Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Жайдарбек Құттыбаев.
Сонымен қатар, техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың талаптарына сай келмейтін, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулары мен жағдайлар бар жолаушылар тасымалдайтын көлiк құралдарын басқарған 8 жүргізуші Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабы 5-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды. Мәселен, автобустардың дөңгелектерінің протекторлары әртүрлі суреттермен болған, қыс мезгілінде қауіпсіз тасымалдауға сәйкес келмейді, көліктің алдыңғы әйнектерінде жүргізушінің жолды көруіне кедергі келтіретін көлемді жарықшақтар болған және т.б.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда 8 мәдениет нысаны ел игілігіне беріледі
- авторМағжан Орынбасар
- 14 қараша, 2024