"Автобус" жедел-алдын алу іс-шарасы өтті
"Автобус" жедел-алдын алу іс-шарасы өтті
Жыл басынан бері өңірде жолаушылар көлігінің қатысуымен 21 жол-көлік оқиғасы тіркелді, соның салдарынан 52 адам жарақат алып, 10 адам қаза тапқан. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 5-11 желтоқсаны аралығында Жамбыл облысының аумағында "Автобус" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері іс-шараның алғашқы күнінде қоғамдық көлік жүргізушілерімен орын алған жол қозғалысы ережелерін бұзудың 200-ден астам дерегін анықтады. Айып тұрағына 14 автокөлік қойылды. Сондай-ақ, басып озу және маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін - 54, жылдамдықты асырғаны үшін - 8, сақтандыру полисінсіз басқарғаны үшін – 10 қоғамдық көлік жүргізушісі жауапқа тартылды және көлік құралын басқару кезінде жүргізушілердің телефонды пайдалануының 20-дан астам дерегі анықталды. Рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлерімен жолаушылар тасымалын ұйымдастыратын автокөлік кәсіпорындары мен жеке кәсіпкерлерге, олардың азаматтарды тасымалдауда қауіпсіздік талаптарын сақтауына тексеру жүргізіледі. Автобустардың техникалық жағдайына және жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауына ерекше назар аударылады. 2022 жылғы 3 желтоқсанда Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 43 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Жеке тінту барысында оның күртесінің ішкі қалтасынан салмағы 384,05 грамм "гашиш" есірткі заты бар оралған 5 полиэтилен табылды. Сондай-ақ, ұсталған адамның тұрғылықты жері бойынша үйдің ауласында орналасқан темір шкафта салмағы 616,47 грамм "гашиш" есірткі заты бар 8 бума табылды. - Тәркіленген "гашиш" есірткі құралының жалпы салмағы 1 келі 52 грамм. Осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296 - бабы 4-бөлігі бойынша "Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, - деді Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев. Ұсталған адам кінәсін толық мойындады, Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Осы қылмысты жасағаны үшін 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.