сенбі, 23 қараша, 2024 13:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанға 8 миллион доза вакцина жеткізіледі

Қазақстанға 8 миллион доза вакцина жеткізіледі
ашық дереккөзі
Қазақстанға 8 миллион доза вакцина жеткізіледі
Денсаулық сақтау министрлігі 4 миллион адамға коронавирустық инфекцияға қарсы 8 миллион доза вакцина жеткізуге келісім-шарт жасасты. Бұл туралы Үкімет отырысында ведомство басшысы Алексей Цой айтты.
«Бүгінгі күні шамамен 9,4 миллион доза вакцина пайдаланылды, оның ішінде 1-компоненті бойынша 5 480 094 адам егілді, бұл тиісті халықтың 55,4%-ын құрайды. Екінші компонентпен 3 941 941 адам немесе тиісті халықтың 39,8% қамтылған», деді ол. Сонымен қатар министр қосымша вакцина жеткізуге келісімшарттар жасағандығын хабарлады. «Министрлік 4 миллион адамға 8 миллион дозаны қосымша жеткізуге келісімшарттар жасады. Жеткізу кестеге сәйкес жүргізілуде. Осыған байланысты, республикада халықтың вакцинацияға қол жетімділігі жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілген», деді Цой.
 
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар