сейсенбі, 19 қараша, 2024 3:43

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫРҒЫЗСТАН СУ БӨЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫРҒЫЗСТАН СУ БӨЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ
ашық дереккөзі
ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫРҒЫЗСТАН СУ БӨЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ
ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫРҒЫЗСТАН СУ БӨЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ Тараз қаласында Қазақстан мен Қырғыз Республикасының Шу, Талас өзендеріндегі мемлекетаралық су шаруашылығы нысандарын пайдалану жөніндегі комиссияның отызыншы отырысы өтті. Жиынға ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-минстрі Серік Қожаниязов, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нұржан Календеров, Қырғыз елінен келген тиісті ведомство өкілдері және өзге де су шаруашылығы саласының мамандары, ардагерлері қатысты. Отырысқа ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов пен Қырғыз Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары қызметінің директоры Алмазбек Сокеев тең төрағалық етті. Бірнеше сағат созылған кездесуде тараптар 2022 жылғы вегетациялық кезеңге Шу және Талас өзендеріндегі су қоймаларының жұмыс режимін және мемлекетаралық арналар арқылы су беру кестесін талқылады. Жиынды ашқан Серік Салауатұлы өткен жылы вегетация кезеңінде біршама қиындықтар туындағанын, сондықтан екі елдің күш біріктіріп жұмыла жұмыс жасауының маңыздылығын айрықша атап өтті. – 2021 жылы екі елді де құрғақшылық айтарлықтай қыспаққа алды. Қыста тауға қардың аз түсуі және көктем-жаз мезгілдерінде жауын-шашынның жаумауы тығырыққа тіреді. Дегенмен қанша шиеленісті болғанымен, өткен жылы вегетациялық кезеңді ойдағыдай аяқтай алдық. Алда жауапты кезең күтіп тұр. Биыл қыста қар болар-болмас жауғанымен, көктем басталғалы жауын-шанның түсуі өте жақсы. Сондықтан биыл өткен жылдағыдай қиындық туындамайды деп ойлаймын. Ең бастысы жамбылдық шаруалардың судан тарықпауы – екі елдің ықтымақтасып, бірігіп әрекет етуіне тікелей байланысты. Біз бірігіп, келісе отырып жұмыс істесек ешқандай мәселе туындамайды, – деді Серік Салауатұлы. Ал Қырғыз Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары қызметінің директоры Алмазбек Сокеев ешқандай келіспеушілік туындамас үшін өзендер бойынша өзара тиімді іс-қимыл жасауға дайын екенін атап өтті. Сонымен қатар жиында су шаруашылығы мекемелері мен ұйымдарының өкілдері сөз алып, күн тәртібіндегі мәселе бойынша ойларын, ұсыныстарын ортаға салды. Отырыс қорытындысы бойынша комиссия Шу және Талас өзендеріндегі су қоймаларының жұмыс режимдерін келісті және 2022 жылғы вегетациялық кезеңге мемлекетаралық арналар арқылы су беру кестесін бекітті. Тараптар сондай-ақ вегетациялық кезең аяқталғаннан кейін мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы құрылыстарында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу және трансшекаралық өзендердің басқа да су шаруашылығы мәселелерін талқылады. Жиын соңында вегетациялық маусымның графигі мен отырыс хаттамасына қол қойылды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар