Қазақстандықтар 2023 жылғы 3 наурыздан бастап өзін банкрот деп жариялау үшін өтініш бере алады
Қазақстандықтар 2023 жылғы 3 наурыздан бастап өзін банкрот деп жариялау үшін өтініш бере алады
Бүгін облыста «ҚР азаматтарының төлем қаблеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» ҚР заңын түсіндіру бойынша жамбылдық тұрғындарға семинар өткізілді Жаңа заң бойынша толық ақпарат төменде
Банкке қарызын өтей алмай отырған қазақстандықтар 2023 жылғы 3 наурыздан бастап банкроттыққа өтініш бере алады. Өйткені, "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" заң қол қойған соң 60 күннен кейін күшіне енеді. Банкроттық туралы рәсімнің 3 түрі бар:
- соттан тыс банкроттық;
- сот арқылы банкроттық;
- төлем қабілеттілігін қалпына келтіру.
Барлық рәсім түрі қарыз алушының бастамасымен ғана жүзеге асады. Яғни, банк борышкердің келісімінсіз банкроттыққа өтініш бере алмайды.