дүйсенбі, 18 қараша, 2024 7:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанның алты аймағында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның алты аймағында дауылды ескерту жарияланды
ашық дереккөзі
Қазақстанның алты аймағында дауылды ескерту жарияланды
22 тамыз күні түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында жер бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап. Қызылорда облысының орталығында, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз күші 15-20 м/с дейін жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 22 тамызда күндіз Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл соғуы мүмкін. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан күтілетін желдің екпіні - 15-20 м/с. Осы күні Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші - 15-20, екпіні - 25 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Батыс Қазақстан облысының батысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады екпіні - 15-20 м/с. 22 тамызда Қостанай облысының солтүстік-шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші облыстың оңтүстігінде, шығысында - 15-20 м/с.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар