сенбі, 23 қараша, 2024 5:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Қазақстанның Даму Банкі» Қордайдың 5 ауылына табиғи газ тартады

«Қазақстанның Даму Банкі» Қордайдың 5 ауылына табиғи газ тартады
ашық дереккөзі
«Қазақстанның Даму Банкі» Қордайдың 5 ауылына табиғи газ тартады

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ пен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ 2013 жылғы 17 шілдедегі «Тараз қаласының ГТС жаңғырту» жобасы шеңберінде Кредиттік желі ашу туралы келісімге өзгертулер енгізу арқылы «Жамбыл облысы Қордай ауданының 5 елді мекеніне газ құбырын тарту құрылысы» жобасын қаржыландыру үшін қосымша келісім жасасты.

Жобаның жалпы құны 5,6 млрд теңгені құрайды, ҚДБ 3,5 млрд теңге көлемінде кредит қаражатын ұсынады, 2,01 млрд теңге басқа да қаржыландыру көздерінің үлесі. Банк ұсынған қаржыландыру Жамбыл облысының Қордай ауданындағы (Масаншы, Қаракемер, Сортөбе, Бұлар батыр, Ауқатты ауылдары) газ құбырының құрылыс-монтаждау жұмыстарына бағытталатын болады.

Жеткізуші газ құбырының құрылысы «Тараз қ. ГТС жаңғырту» инвестициялық жобасы аясында жүзеге асырылуда.

Жеткізуші газ құбырын салу, өткізгіштік қабілетін 6 кгс/см2 дейін ұлғайтумен «Қордай» АГТС қайта құрумен қатар жүргізілуде. АГТС-Қордай-ды қайта құру келешекте тағы 12 елді мекенге газ құбырларын тарту жұмыстарын жоспарлауға мүмкіндік береді.

Бұл жағдайда аудандағы газдандырылған елді мекендердің саны 41 елді мекеннің 29-на дейін жетеді, яғни Қордай ауданындағы елді мекендердің жалпы санының 70%-ы. Нәтижесінде өңірді табиғи газбен үздіксіз және апатсыз жабдықтау қамтамасыз етіледі, газдандырылатын елді мекендер тұрғындарының өмір сүру сапасы арттырылады.

«ҚДБ даму қаржы институты ретінде басымдықтар арасында экологияны жақсартуға бағытталған экологиялық таза өндірістерді кредиттеуге үлкен көңіл бөледі. Бұдан бұрын «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-пен әріптестікте Тараз қаласының, Қызылорда, Ақтөбе және Түркістан облыстарының газ тарату желілері салынды және жаңғыртылды, «Өзен-Жетібай» учаскесінде «Өзен-Ақтау» резервтік магистралдық газ құбыры салынды. Осы іс-шаралардың барлығы аймақтар тұрғындарының өзекті қажеттіліктерін қамтамасыз ететін еліміздің газ тасымалдау инфрақұрылымын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді», - деп ҚДБ Басқарма Төрағасы Абай Сарқұлов атап өтті.

Жобаны жүзеге асыру ауданның ауасына тарайтын зиянды заттардың көлемін азайту арқылы өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді. Ауа бассейнінің артық ластануын болдырмау үшін отынның күлі аз және күкірті аз түрлеріне басымдық беріледі. Ең таза органикалық отын-табиғи газ. Табиғи газды үй жылыту, тамақ дайындау және басқа да тұрмыстық қажеттіліктер үшін пайдалану кезінде тұтынушылардың шығындары да азаяды.

«ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша «ҚазТрансГаз» АҚ ұлттық операторы Жамбыл облысының әкімдігімен бірлесіп Қордай ауданының бес елді мекеніне газ құбырларын тарту жұмыстарын бастады. Жобамен 73 км жоғары қысымды газ құбырының құрылысы қарастырылған. Инвестициялық бағдарлама есебінен 42 шақырым газ құбыры салынады, - дейді «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Бас директоры Манас Тасыбаев. - Бюджет қаражатына жоғары қысымды газ құбырының 31 км құрылысының екінші бөлігі іске асырылатын болады. Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде өңірдің 50 000-нан астам тұрғынын табиғи газбен қосымша қамтамасыз ету жоспарлануда, бұл - жалпы 5 282 тұрғын үй, 274 әлеуметтік сала және кәсіпкерлік нысандары».

Газды үлестірудің тиімді жүйесін ұйымдастыру үшін неғұрлым тиімді кәсіпорындарды табиғи газға ауыстыру және техникалық және қаржылық мүмкіндіктерді барынша пайдалана отырып, елді мекендердің бірінші кезектегі, неғұрлым рентабельді аумақтары бойынша газ құбырлары желісін дамыту көзделеді.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ) - Қазақстан экономикасының шикізаттық емес және инфрақұрылымдық секторларын жаңғырту және дамыту бойынша 2001 жылы құрылған ұлттық даму институты.

Қызметінің негізгі бағыттары: өндірістік инфрақұрылымды және өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, ел экономикасына сыртқы және ішкі инвестицияларды тарту және қолдау көрсету.

ҚДБ үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының ірі инвестициялық операторларының бірі. ҚДБ «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрылымына кіреді.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ - жалғыз акционері «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еншілес құрылымы – «ҚазТрансГаз» АҚ болып табылатын Қазақстан Республикасының барлық газдандырылған өңірлерінде (Түркістан, Қостанай, Жамбыл, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Алматы және Маңғыстау облыстары, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалалары) таратушы және магистралдық газ құбырларын пайдаланатын Қазақстанның ірі газбен жабдықтау компаниясы.

Компанияның қызметі газды тарату желілері арқылы тасымалдауға, халықты, коммуналдық-тұрмыстық, өнеркәсіптік кәсіпорындарды апатсыз және үздіксіз газбен жабдықтауды қамтамасыз етуге және инфрақұрылымды басқаруға бағытталған.

Компания тауарлық газды тұтынушылардың барлық санаттарына: халыққа, өнеркәсіптік және коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындарға, сондай-ақ бюджеттік ұйымдарға өткізеді.

 

inform.kz

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар