Жамбыл жаңалықтар

Қазақстанның шекарасын кесіп өтіп, 18 жылдан бері іздеуде жүрген шетелдік азамат ұсталды

Мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер Тараз қаласында құрықталды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Қылмыс жасаған тұлға Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткен. Жамбыл облысы ПД  Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері оны  жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұстады. Өзбекстандық тұлға мемлекетаралық іздеуде жүргеніне 18 жыл болғаны анықталды. 


Аталған айыптыға  қатысты 2006 жылдан бері көрші мемлекеттің аумағында қасақана кісі өлтіргені үшін мемлекетаралық іздеу жарияланған екен.


"Шетелдік азаматқа қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Қазіргі таңда  оны қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Өзбекстан Республикасының аумағына экстрадициялау туралы мәселе шешілуде.Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жариялауға жатпайды",- деді облыстық ПД баспасөз қызметі