жұма, 20 наурыз, 2026 17:49

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақтың ұлттық киімдері туралы танымдық іс-шара ұйымдастырылды

Қазақтың ұлттық киімдері туралы танымдық іс-шара ұйымдастырылды
Фото - ашық дереккөз
Іс-шара барысында қатысушыларға қазақтың ұлттық киімдерінің тарихы, олардың түрлері және әр киімнің өзіндік ерекшеліктері туралы кеңінен түсіндірілді

№58 мекемеде қазақ халқының ұлттық құндылықтарын насихаттау мақсатында қазақтың ұлттық киімдері туралы танымдық іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 
Іс-шара барысында қатысушыларға қазақтың ұлттық киімдерінің тарихы, олардың түрлері және әр киімнің өзіндік ерекшеліктері туралы кеңінен түсіндірілді. Қазақ халқының ұлттық киімдері ата-бабамыздың тұрмыс-тіршілігін, мәдениеті мен салт-дәстүрін айқын көрсететін маңызды мұра екені айтылды.
Сонымен қатар, камзол, шапан, сәукеле, тақия сияқты ұлттық киімдердің мағынасы мен қолданылу ерекшеліктері таныстырылып, олардың әсемдігі мен ұлттық нақышы көрсетілді. Қатысушылар ұлттық киімдерге қызығушылық танытып, олардың қазақ мәдениетіндегі орны туралы мәлімет алды.
Іс-шараның басты мақсаты – қазақ халқының ұлттық дәстүрін құрметтеу, мәдени мұрасын дәріптеу және жастарға ұлттық құндылықтарды насихаттау болып табылады.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар