Қазақ-қырғыз шекарасында елге электронды темекі әкеле жатқандар ұсталды
Қазақ-қырғыз шекарасында елге электронды темекі әкеле жатқандар ұсталды
Шекарашылар «Айша бибі» автомобиль өткізу пунктінде Қырғызстаннан контрабанда өнімін кіргізудің екі фактісінің алдын алды Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, Қырғызстан азаматтарының «Вольво» және «Мерседес-Бенц» жүк көлік құралдарын Қазақстанға кірер алдындағы тексеріс барысында ілеспе құжаттары жоқ «электрондық темекінің» ірі партиясы табылған. Жүктің алдын ала құны - шамамен 210 млн теңге. Ұсталған тауар мен көлік құралдары процессуалдық шешім қабылдау үшін Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне берілді.