Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінде 2026 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша кеңейтілген жиналыс өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жиналыс барысында қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің қызмет нәтижелері жан-жақты талқыланып, атқарылған жұмыстардың тиімділігі сараланды.
Іс-шараға департамент басшылығы, мекеме басшылары және жеке құрам қатысты. Күн тәртібіне сәйкес, негізгі бағыттар бойынша есептер тыңдалып, қызмет барысында орын алған кемшіліктер мен оларды жою жолдары қарастырылды.
Сонымен қатар, алдағы кезеңге қойылатын басым міндеттер айқындалып, қылмыстық-атқару жүйесінің жұмыс сапасын арттыру, заңдылық пен тәртіпті нығайту бағытында нақты тапсырмалар берілді.
Жиналыс қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар жүктеліп, олардың орындалуы қатаң бақылауға алынатыны атап өтілді.




