ҚАЖ қызметкерлері кезекті рет оқу-жаттығудан өтті
ҚАЖ қызметкерлері кезекті рет оқу-жаттығудан өтті
Құқық қорғау органдарының әрбір қызметкері теориялық білім алғанмен, физикалық жағынан шыныққан шымыр болмаса, абыройлы мамандықтың талап үдесінен шыға алмайтыны анық. Себебі, олар жұмыс барысында өздерінің ықыластығымен, шыдамды әрі төзімділігімен ерекшеленеді. Жуырда өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты 26 түзеу мекемесінің қызметкерлері кезекті рет арнайы тактикалық жаттығудан өтті. Бұл күні олар арнайы құрал-жабдықтарды пайдалануды өте ұқыптылықпен, ептілікпен меңгеруді тағы бір пысықтады. Осылайша, тәртіп сақшылары психологиялық және физикалық дайындық санаттары бойынша нағыз кәсіби мамандар екенін кезекті рет дәлелдеді.